Абай облысы әкімі аппараты
басшысының
2025 жылғы «__» _______
№____ бұйрығына
қосымша
«Абай облысы әкімінің аппараты» ММ
өтініштерді қарауды бақылау бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
Міндеттері:
1) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жіберілген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуына бақылауды жүзеге асыру.
2) бөлім құзыреті шеңберінде:
- әкім бақылауға алған мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың жауаптарының, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша олар қабылдаған шаралардың сапасын талдайды;
- мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жауаптары сапасыз орындалған жағдайда оларды пысықтауға жіберу;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және өтініш берушілерге жауаптар жолдау;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ағымдағы іс қағаздарын жүргізуді және есепке алуды ұйымдастыру;
- облыс әкімі аппаратында қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру;
- жоғары тұрған мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша облыс әкімінің тапсырмаларын орындауға;
3) келіп түскен өтініштерді талдау, жүйелік проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
4) мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
5) жергілікті атқарушы органдардың Президенттің, Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі басшылығының, Президент Әкімшілігі өтініштерінің қаралуын бақылау жөніндегі бөлімнің өтініштерді қарау шеңберінде берілген тапсырмаларын уақтылы және толық іске асыруын бақылау;
6) облыс әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауын ұйымдастыру, өткізу мен жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау барысында берілген өтініштер мен тапсырмалардың қаралуына бақылауды жүзеге асыру;
7) бөлімнің құзыреті шеңберінде азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды жүргізу;
- бөлім құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсету;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды және қарауды ұйымдастыру:
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау;
8) өтініштерді қарау бөлігінде іс жүргізу талаптарының сақталуын бақылау;
Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
9) облыс әкімі аппаратының және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерінен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнаманың белгіленген талаптарын орындауды бақылауға және талап етуге;
10) облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінен, облыс қалалары мен аудандары әкімдері аппараттарынан бөлімнің жұмысына қажетті мәліметтерді сұратуға;
11) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мәселелері бойынша сапасыз материалдарды пысықтауға қайтару;
12) облыс әкімдігі басшылығының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауға қатысуына мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың басшыларын тарту;
13) облыстық басқармаларда, қалалар мен аудандар әкімдерінің аппараттарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету, жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;
14) қолданыстағы заңнамаға және оған сәйкес қабылданған облыс әкімі аппаратының ішкі құжаттарына сәйкес атқарушылық және еңбек тәртібін қатаң сақтауға міндетті.
Функциялары:
15) өтініштерді контент-талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі мәселелер туралы анықтамалар жасау;
16) аудандар/қалалар бөлінісінде проблемалық мәселелердің мониторингі, проблемалық мәселелердің картасын қалыптастыру;
17) әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп:
- өңір халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
- экономиканың жекелеген секторларын, аудандарды/қалаларды дамыту;
- заңнаманы жетілдіру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде көтерілетін басқа да өзекті мәселелер;
18) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заңнаманы және құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
19) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін жетілдіру, сондай-ақ өтініштер бойынша тапсырмалардың орындалуын Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу;
20) облыс әкімінің, облыс әкімі аппаратының басшысының Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі басшылығының және Президент Әкімшілігінің өтініштерін қарауды бақылау жөніндегі бөлім меңгерушісінің көмекшісінің тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баяндамалары мен талдамалық жазбаларының жобаларын жартыжылдықта бір рет қарау бөлігінде дайындау;
21) өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсету, өзекті жүйелік проблемалар мен озық тәжірибелер негізінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
22) өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу, тіркеу, сондай-ақ қарау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұйымдастыру-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;
23) өз құзыреті шеңберінде мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам өкілдерінің және сараптамалық қоғамдастықтардың қатысуымен жоғары қоғамдық резонанс туғызатын маңызды мәселелер бойынша шешімдер әзірлеу үшін арнайы жұмыс топтарын құруға бастамашылық жасау;
24) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау шеңберінде Мемлекет басшысының, Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша Президент Әкімшілігінің өтініштерін қарауды бақылау жөніндегі жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен және бөліммен өзара іс-қимыл жасау;
25) ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау блогының өңірлік қоғамдық қабылдауларымен – құқық қорғау қызметтері орталығымен, ҚР Жоғарғы Сотының Ахуалдық орталығымен және сот кеңселерімен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңселерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
26) «Е-өтініш» жобасы шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
27) жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының және келісім бойынша үкіметтік емес ұйымдар басшыларының, БАҚ-тың, қоғам қайраткерлерінің адам құқықтарын қорғаудың және халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша кездесулерін және тыңдауларын ұйымдастыру;
28) облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, аудандық/ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың Президенттің, Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі басшылығының, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының, облыс әкімдігінің өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің тапсырмаларын іске асыру жөніндегі өтініштерді қарау жөніндегі қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
29) орындаушылық тәртіпті нығайту жөнінде ұсыныстар енгізу;
30) Президенттің, Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі басшылығының, облыс әкімінің тапсырмасын орындау барысы бар жерге жаппай сипаттағы күрделі мәселелер бойынша бара отырып тексеру;
31) облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп Президенттің, Президент Әкімшілігі басшылығының, облыс әкімінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне байланысты актілері мен тапсырмаларын, орындаушылық тәртіпті іске асыру мәселелері бойынша тексерулерге қатысу, анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
32) мемлекет Басшысының, Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі мен Президент Әкімшілігі басшылығының және Президент Әкімшілігі өтініштерінің қаралуын бақылау бөлімінің бақылауына қойылған тапсырмалардың орындалу сапасы мәселелері бойынша облыс әкімі аппаратының, облыстық атқарушы органдардың, аудандық/ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарын тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізу, олардың орындалуына мониторинг ұйымдастыру;
33) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қорытындыларын талқылау бойынша жергілікті атқарушы органдардың, аудандар/қалалар әкімдерінің есептік алқалы іс-шараларына қатысу;
34) нақты өтініштер бойынша Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі басшылығының, Президент Әкімшілігі өтініштерінің қаралуын бақылау бөлімінің тапсырмаларының орындалуын мониторингтеу нәтижелері бойынша қорытындылар дайындау;
35) Абай облысы әкімінің аппаратында не облыстың басқа елді мекенінде жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды ұйымдастыру, оның ішінде Президент Әкімшілігінің өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісімен бейнеконференцбайланыс форматында жеке қабылдауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
36) жергілікті атқарушы органдардың жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау жөніндегі жұмыстардың мониторингін жүргізу;
37) жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру мен өткізуді бақылау;
38) қағаз жеткізгіште қолма-қол, оның ішінде «Қазпошта» АҚ сонымен бірге «Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының порталы электронды түрде «egov.kz» арқылы келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін алдын ала қарау, талдау, қабылдау және тіркеу;
39) мәселелердің сипатын айқындау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бөлу және оларды әкімге, әкім орынбасарларына, облыс әкімі аппаратының басшысына жіберу;
40) өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бөлігінде облыс әкімі аппаратында, аудандық және ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарда іс жүргізудің жай-күйін тексеру;
41) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заңнама талаптарының сақталуын бақылау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша облыс әкімі аппаратының жаңадан қабылданған қызметкерлеріне нұсқау беру;
42) азаматтардың жиі қойылатын сұрақтарын, оның ішінде өтініштер мен сұрау салулар шеңберінде қадам басатын сұрақтарды талдауды ескере отырып, ресми интернет – ресурсты ақпаратпен толықтыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
- бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, тиісті орындаушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;
- бөлімнің жұмысын жоспарлауды жүзеге асырады;
- бөлім қызметкерлерін көтермелеу және оларға жаза қолдану туралы облыс әкімі аппаратының басшысына ұсыныстар енгізеді;
- облыс әкімі аппаратының және әкімдігінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.