2025 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы Абай облысының әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша АҚПАРАТ

2025 жылдың 1 тамызына халық саны: 598,9 мың адам, оның ішінде қалалық – 374,4 мың адам (62,5%).

Облыстың әкімшілік бөлінісі: 2 облыстық маңызы бар қала, 2 аудандық маңызы бар қала, 10 аудан, 134 ауылдық округ, 2 кент, 320 ауылдық елді мекен.

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 693,4 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 99,6%.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 220,8 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 102,9%.

Шағын және орта бизнес. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 55,8 мың бірлікті құрады. Өсу қарқыны - 102,9%.

Инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 275,7 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 99,3%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 148,1 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 120,8%.

73,5% өсу қарқынымен 139,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жұмыспен қамту. 2025 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,7%. Өзін – өзі жұмыспен қамтығандар саны 103,8 мың адамға жетті немесе экономикалық белсенді халық санының 33,1% құрады.

2025 жылдың 2 тоқсанындағы орташа жалақы 381 756 теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 12,2% жоғары.

Инфляция 107,8% құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына – 108,6%.

Бюджет. Облыс бюджеті 500,0 млрд. теңгені құрайды (66,9% –трансферттер, субвенциялар және кредиттер).

2025 жылдың 1 қыркүйегіне мемлекеттік бюджетке 394,7 млрд. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 288,2 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 106,5 млрд. теңге.

Әлеуметтік сала. Әлеуметтік салаға 227,2 млрд. теңге көзделген, оның ішінде білім беру – 176,1 млрд. теңге, денсаулық сақтау – 14,2 млрд. теңге, әлеуметтік қамсыздандыру – 19,1 млрд. теңге, мәдениет және спорт – 17,8 млрд. теңге.

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық. Халықтың облыс бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізуі ауылдық жерлерде 92,7%, қалаларда 94,3% құрайды.

Халықтың ауылдық жерлерде орталықтандырылған су бұруға қолжетімділігі - 22,8%, қалаларда – 39,6% құрайды.

2025 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 20,8 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 27 жобаны салуға (15,6 млрд. теңге) және 11 нысанды реконструкциялауға (5,2 млрд. теңге), 2 жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге (34,1 млн. теңге).

Қоғамдық қауіпсіздік. 2025 жылдың 1 қыркүйегіне 2 557 қылмыс тіркелді, оның ішінде ұсақ – 732, орташа ауырлықтағы – 457, ауыр – 25.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2025 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы Абай облысының әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша АҚПАРАТ
Дата публикации
01 октября 2025