Қазақстан Республикасы Су кодексінің 114-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының
2-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Абай облысындағы шаруашылықішілік ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдаланудың қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е. М. Қуанбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Абай облысының әкімі Б. Уәли