2025 жылдың 1 сәуіріне халық саны: 601,4 мың адам, оның ішінде қалалық – 374,4 мың адам (62,2%).
Облыстың әкімшілік бөлінісі: 2 облыстық маңызы бар қала, 2 аудандық маңызы бар қала, 10 аудан, 134 ауылдық округ, 2 кент, 320 ауылдық елді мекен.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 30,8 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 107,2%.
45,1% өсу қарқынымен 29,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
2025 жылдың 1 тоқсанындағы орташа жалақы 355 108 теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 10,0% жоғары.
Инфляция 104,3% құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына – 105,7%.
2025 жылдың 1 мамырына мемлекеттік бюджетке 159,5 млрд. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 107,1 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 52,4 млрд. теңге.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық. Халықтың облыс бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізуі ауылдық жерлерде 94,9 %, қалаларда 95,4% құрайды.
Халықтың ауылдық жерлерде орталықтандырылған су бұруға қолжетімділігі - 22,8%, қалаларда – 39,8% құрайды.
2025 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 11,7 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде 18 жобаны салуға (7,1 млрд. теңге) және 11 нысанды реконструкциялауға (4,6 млрд. теңге), 2 жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге (34,1 млн. теңге).