Бұқаралық ақпарат құралдары
2025 жылдың қаңтар айына сәйкес облыстың ақпараттық алаңын 41 БАҚ құрайды, оның ішінде: 19 газет (4 өңірлік және 15 аудандық), 5 журнал, 2 телеарна, 14 ақпараттық сайт және «Радио-7». 19 меншікті тілшілер бар (7 телеарна, 4 газет, 8 интернет-ресурс).
2025 жылдың басынан Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мемлекеттік органдардың 72 өкілінің қатысуымен 48 баспасөз шарасы өткізілді. Баспасөз мәслихаттарында өңір журналистері 400-ден астам сұрақ қойды. БАҚ және әлеуметтік меидада жалпы 4261 материал жарыққа шықты.
Азаматтық Қоғам Институттары
2025 жылдың қаңтар айына сәйкес Абай облысында 660 қоғамдық бірлестік тіркелген, оның ішінде: 7 саяси партияның 16 филиалы, 49 кәсіподақ ұйымы, 177 діни бірлестік, 276 қоғамдық бірлестік (оның ішінде 46 этнокультуралық бірлестік, 21 жастар ұйымы), сондай-ақ 142 қоғамдық қор бар. Белсенді жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар саны 100-ден асады.
Облыс әкімдігі жанында үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу және ынтымақтастық жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Кеңес құрамында 15 адам кірді.
2023 жылы «Абай облысының ішкі саясат басқармасы» ММ мен «Қазақстан Азаматтық Альянсы» ЗТБ арасында ынтымақтастық және өзара қызметтестік туралы меморандумға қол қойылды.
2024 жылы азаматтық қоғам институттарымен бірге 300-ден астам іс-шара өткізілді.
52 әлеуметтік жоба іске асырылды, негізгі бағыттары: үкіметтік емес ұйымдарды қолдау үшін Азаматтық ресурстық орталықтың жұмысын ұйымдастыру, осал топтарды әлеуметтік қорғау және қолдау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастар бастамаларын жүзеге асыру, отбасылық-гендерлік саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту, еріктілер бастамаларын дамыту, тұрғындарды қаржылық және құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
ҮЕҰ-ға әдістемелік көмек көрсету және оқыту мақсатында Азаматтық бастамалар орталығы жұмыс істейді.
2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 42 әлеуметтік жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Қоғамдық-саяси жағдай
2025 жылдың қаңтар айына сәйкес облыста 13 қоғамдық кеңес жұмыс істейді (1 облыстық, 2 қалалық, 10 аудандық). Облыстық кеңес құрамында 8 сараптамалық комиссия бар. 2024 жылы 161 отырыс өткізіліп, 300-ден астам мәселе қаралды, 350-ден астам нормативтік-құқықтық актілер келісілді.
Саяси алаңда облыста 7 саяси партияның 16 филиалы жұмыс істейді (30 000-нан астам мүшесі бар), олар: «Amanat» партиясы, Қазақстанның Халық партиясы, «Ақ Жол» Демократиялық партиясы, «ОСДП», «Ауыл» НДПП, «Respublika», «Байтақ».