ҚАУЛЫ
Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының
Семей қ. № 14 «11» ақпан 2025 жыл
2025 жылы тағайындалатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерді сайлауда әкім болуға кандидаттың жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28 бабының 3 тармағына, 33 бабының 2-1-тармағына сәйкес Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Абай облысы бойынша аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттардың жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетін шығыстарының мөлшері төмендегідей болып белгіленсін:
- Теледидар мен радио арқылы бағдарлама ұсыну, мерзімді баспа немесе интернет басылымдарда 2 мақала жариялау – 135 000 (жүз отыз бес мың) теңге;
- Ашық үгіт-насихат іс-шараларын өткізу және үгіт материалдарын шығару – 75 000 (жетпіс бес мың) теңге;
- Көлік шығыстары – 60 000 (алпыс мың) теңге.
- Осы қаулы Абай облысының аумақтық сайлау комиссияларына жолдансын және облыстық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
- Абай облысының аумақтық сайлау комиссиялары осы қаулыны аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарға жеткізсін.
|
Төраға
|
|
Г. Жігітбаева
|
|
|
|
|
|
Хатшы
|
|
Б. Төкенов
|