Аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру бойынша штаб құру туралы

Аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру бойынша штаб құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және    өзін-өзі басқару» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының                                          3-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарының тұрақтылығын қамтамасыз ету және аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік нысандардың жойқын әсерінен егінді сақтау мақсатында:

  1. Аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру бойынша штаб құрылсын, қосымшаға сәйкес оның лауазымдық құрамы бекітілсін.
  2. Әкімнің осы өкімінің орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Абай облысының әкімі                                                                    Н. Ұранхаев

 

Абай облысы әкімінің

2025 жылғы «_____» __________

№ ______ өкіміне

қосымша

 

Аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру бойынша штабтың лауазымдық құрамы

 

Абай облысы әкімінің орынбасары  - штаб төрағасы

 

«Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысы  - төрағаның орынбасары

 

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары (келісім бойынша) - штаб мүшесі

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Абай облысы филиалының басшысы (келісім бойынша)  - штаб мүшесі

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы (келісім бойынша) - штаб мүшесі 

 

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақстан облысы филиалы директорының м. а. (келісім бойынша) - штаб мүшесі

 

 

Аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру бойынша штаб құру туралы
Дата публикации
07 февраля 2025