2024 жылы облыстың жергілікті атқарушы органдарына 41458 өтініш келіп түсті. Тіркелген өтініштердің басым бөлігі: облыс қалалары мен аудандарының әкімдіктеріне - 21861 (53%), басқармаларына - 16163 (38,9%), облыс әкімінің аппаратына - 3434 (8,3%) келіп түсті.
Көптеген жағдайларда зейнеткерлер 40,2%, көп балалы аналар 18%, жұмыссыздар 7%, ерекше қажеттіліктері бар адамдар 4,6% жүгінеді.
Өңірлердің тұрғындары үшін тұрғын үй және жер учаскелерін беру, коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, абаттандыру, автомобиль жолдарын жөндеу, жұмыспен қамту және басқа да әлеуметтік мәселелер маңызды болып қалуда.
Жоғарыда аталған кезеңде облыс бойынша 1291 азаматтарды қабылдау өткізіліп, 3 715 адам қабылданды, оның ішінде облыс әкімімен 19 қабылдау өткізіліп, 138 адам қабылданды.
Қала, аудан әкімдері мен облыс басқармалары 1236 қабылдау өткізіп, 3395 адамды қабылдады.
Азаматтарды қабылдау туралы ақпарат облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің сайтында және әлеуметтік желілерінде тұрақты түрде жарияланады.
Өтініштерді қарауды бақылау
бөлімінің басшысы П. Оралбаева