Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы №10/54/VII «Абай облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 ЖОБА

Абай облысы мәслихатының

2022 жылғы 18 қарашадағы №10/54/VII «Абай облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/54/VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30701 болып тіркелген) «Абай облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімімен бекітілген Абай облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларының 3 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Ауыл шаруашылығы жануарлары - адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлардың барлық түрлері.»;

Көрсетілген шешімнің 6 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«6. Жануарларды ұстау қызметі процесінде туындайтын биологиялық қалдықтар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 16-07/307 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11003 болып тіркелген) бекітілген биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларына сәйкес жойылуға немесе кәдеге жаратылуға тиіс.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы №10/54/VII «Абай облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
23 января 2025