«Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық ақыларына ынталандырушы үстемеақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы»

«Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық ақыларына ынталандырушы үстемеақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы»

 

«Абай облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық ақыларына                  ынталандырушы үстемеақыларын белгілеудің тәртібі мен

шарттарын айқындау туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің                     2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының                            3) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Абай облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық ақыларына ынталандырушы үстемақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. «Абай облысының дін істері басқармасы» (С. А. Ысқақов), «Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы                                  (Р. Құдайбергенқызы), «Абай облысының қаржы басқармасы»                              (Ә. Н. Қожанбаев)  мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің орынбасары Ж. Б. Сәрсебаевқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтузбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Абай облысының  әкімі                                                            Н. Ұранхаев

 

                                                                                                                                 Абай облысының әкімдігінің

                                                                                                                                 2024 жылғы «___»________

                                                                                                                                 №____қаулысына

                                                                                                                                 қосымша

 

 

«Абай облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық ақыларына ынталандырушы үстемақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Абай облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме) азаматтық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – тәртіп пен шарттар) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы                    31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақылар төлеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
  2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес, жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер жалақы болып табылады.

      Осы тәртіп пен шарттарда көрсетілген Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық ақыларына ынталандыру үстемақыларын төлеу қызметкерлерді еңбекке ынталандырудың басқа түрлерін (сыйлықақы, қосымша төлемдер, лауазымды біріктіру, үстеме жұмыс) төлемеуге негіз болып табылмайды.

  1. Ұйымдар жұмыскерлерін лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақыларын тиісті жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен белгіленеді

 Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты әрбір қаржы жылында Мекеменің қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) көзделуге тиіс.

Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандырушы үстемақылар төлеуді қаржыландыру көзі жергілікті бюджет болып табылады.

Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемақылар жергілікті бюджет қаражаты есебінен, Абай облыстық мәслихатының шешімі бойынша белгіленеді.

 

  1. Қызметкерлердің лауазымдық ақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі

 

  1. Ынталандырушы үстемеақылар Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) шешіміне сәйкес, Абай облысының дін істері басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) басшысының бұйрығымен айқындалады. Комиссияның қарауына қызметкерлерге үстемеақылар белгілеу жөніндегі ұсынысты Мекеме басшысы енгізеді.
  2. Мекеме басшысына ынталандырушы үстемеақы белгілеу жөніндегі ұсынысты комиссияның қарауына Басқарма басшысы енгізеді.
  3. Комиссияны құру және комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді Басқарма басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қабылдайды.
  4. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақсанды, бірақ кемінде үш адамды құрайды.
  5. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
  6. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады, оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
  7. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды.
  8. Қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу комиссияның отырысында жылына бір рет қаралады.

 

  1. Қызметкерлердің лауазымдық ақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары

 

  1. Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық ақыларына ынталандырушы үстемеақылар:

1) қылмыстық атқару жүйесінде экстремизм мен терроризм баптары бойынша бас бостандығынан айырылғандармен оңалту жұмыстарын жүргізгені үшін;

2) діни алауыздықты немесе араздықты тудыруға бағытталған экстремистік идеяларды жақтайтын жалған діни ағым ұстанушылармен және олардың жақын туыстарымен, достарымен жеке оңалту жұмыстарын жүргізгені үшін;

3) шетелдік теологиялық оқу орындарында бейресми негізде оқып жатқан адамдармен және оқып келгендермен, сондай-ақ олардың ата-аналарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізгені үшін;

4) дін мәселелері бойынша сенім телефоны жұмысын (тікелей желі) ұйымдастырғаны, теріс діни ағымдардың қызметінен өмірлік қиын немесе дағдарысты жағдайларға түскен, сенім телефоны бойынша хабарласқан адамдарға жедел психологиялық, консультациялық және құқықтық көмек көрсеткені үшін;

5) өзінің негізгі жұмысынан босамай, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған қызметкерлердің функцияларын орындағаны үшін;

6) комиссияның шешімімен өзге де еңбек жағдайлары үшін белгіленуі мүмкін.

 

«Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық ақыларына ынталандырушы үстемеақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы»
Дата публикации
23 января 2025