Абай облысының 2024 жылға арналған түзетілген жылдық бюджеті 481 161,7 млн. теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджет –
329527,1 млн. теңге, қалалар мен аудандардың бюджеті –
151 634,6 млн. теңге.
2025 жылдың 1 қаңтарға жоспар
481 161,7 млн.теңге болса (облыстық – 329 527,1 млн.теңге, қалалар мен аудандар – 151 634,6 млн. теңге), болжамды игеру
475 163,5 млн. теңгені немесе 98,8% (облыстық –
326 303,8 млн. теңге, немесе 99 %, аудандар мен қалалар –
148 859,7 млн. теңге немесе 98,2%) құрады.
Есепті кезеңнің болжамды қалдық соммасы
5 998,1 млн. теңге, оның ішінде: облыстық бюджет бойынша –
3 223,2 млн. теңге.
Облыстық бюджет бойынша қалдықтың ең көп сомасы келесі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша құрылды:
- Ауыл шаруашылығы басқармасы 1 320,0 млн. теңге (95,7%),
1 320,0 млн. теңге ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау үшін кредиттер, шарт жасалмаған;
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы - 1 122,9 млн.теңге (92,7%)
1100,0 млн. теңге - жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге түспеген кредиттер, шарт жасалмаған;
13,7 млн. теңге – жоспарланғанға қарағанда алушылар санының азаюы (аурухана парақтары мен демалыс күндеріне байланысты);.
4,7 млн. теңге – Мемл.сатып алу қорытындысы бойынша басқа да үнемдеу;
4,5 млн. теңге - тауарларды жеткізудің болмауы (өнімдер, дәрі-дәрмектер, қосалқы бөлшектер).
- Құрылыс басқармасы – 388,5 млн.теңге (98,9%)
228,3 млн. теңге - Абай облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылында жүзу бассейнін салу, орындалған жұмыстар актісін ұсынбауға байланысты;
139,9 млн. теңге - «Үржар балалар әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-нің қолданыстағы 2 қабатты ғимаратына 2 қабатты қосымша құрылыс салу, орындалған жұмыстар актісін ұсынбауға байланысты;
14,4 млн.теңге – «Абай облысы Ақсуат ауданы Мұрсалим ауылының медициналық пунктінің құрылысы» объектісі бойынша ЖСҚ өзгеруіне байланысты қаражатты қайтару;
2,9 млн.теңге – медициналық пункттердің құрылысы бойынша Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу;
1,0 млн. теңге – «М. Әуезов атындағы педогогикалық колледжі» КМҚК ғимаратына жылу желілерін салу объектісі бойынша авторлық қадағалау қызметіне меморандум жасасуға байланысты үнемдеу.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 125,9 млн. тенге (99,3%)
(жол жөндеу жобаларын аяқтау, пайдалануға беру актісіне қол қойғанға дейін қалдық 5%)
Абай облысы пайдалануға беру және дамыту ұлттық орталығынан келесі объектілерді пайдалануға беру туралы оң қорытындысының болмауына байланысты қалдық:
«Шар – Әуезов» тас жолының 2-20 шақырымы орташа жөндеу, 12 ақау бар, 58 сынама сәйкес емес;
«Көкпекті-Самарское-Васильевская өткелі» тас жолын орташа жөндеу, 22-25 км, 30-32 км, ақаулар жойылды, 44 үлгі сәйкес келмейді.
«Семей – РФ шекарасы – Воскресеновка – Петропавловка Шелехово-Дмитриевка» тас жолын орташа жөндеу, 23-38 км 4 ақау бар, сынамасы сәйкес.
- Денсаулық сақтау басқармасы – 97,9 млн.теңге (99%)
92,9 млн.теңге – 2024 жылға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен (жалпылық трансферттер (ТОХ)) 027015 вакцинациялауға бөлінген трансферттерден үнемделген қаражат;
2,9 млн. теңге мемл сатып алудан үнемделген қаражат (ТОХ);
1,8 млн.теңге - кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша курстық айырмашылыққа байланысты.
- Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы – 44,6 млн. теңге (99,6%)
22,1 млн. теңге - Красный Кордон ауданының су құбырын қайта құру жобасы бойынша асфальттау жұмыстарының болмауы есебінен үнемдеу;
19,0 млн. теңге – «Семей қаласының 507 ОЖП және кварталішілік жылу желілерін қайта құру» жобасын іске асыру кезіндегі үнемдеу;
2,9 млн.теңге - меморандум бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты үнемдеу.
Қалған 20 бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша күтілетін қалдық – 123,4 млн. теңге оның: 36,4 млн.теңге білім басқармасы бойынша мемлекеттік сатып алу және нақты шығыстар бойынша үнемдеу есебінен қалдық, 44,8 млн.теңге ЖАО резервінің бөлінбеген қалдығы, 30,2 млн. теңге - әкімдер сайлауын қамтамасыз ету және өткізу бағдарламасы бойынша трансферттері түспеді, қалған 12,0 млн.теңге барлық ББӘ үнем қаржылары. .
Қалалар мен аудандардың бюджеттері бойынша 2 774,9 млн. теңге, оның ішінде:
Аягөз ауданы бойынша – 665,6 млн.теңге (95,6%)
251,3 млн. теңге - аудандық маңызы бар KF-AK-85, Ақшаули-Мыңбұлақ-Нарын-Шыңғожа автомобиль жолын орташа жөндеу бойынша км 0+00-15+00 аванстық төлем сомасы, жұмыстар басталмады;
82,7 млн. теңге - Аягөз ауданының Қопа кентінде су тарту құрылыстары мен су құбыры желілерін салу бойынша, мердігер өндірістік жұмыстар кестесімен жұмыстарды уақтылы орындамады;
59,9 млн.теңге Аягөз ауданы Ай ауылындағы су тарту құрылыстары мен су құбыры желілерінің құрылысы бойынша мердігердің өндірістік кестеге сәйкес жұмыстарды уақтылы аяқтамауы салдарынан;
53,9 млн.теңге Панфилов көшесі (1,5 км), Ақтоғай кентінде Г.Мұратбаев көшесі (1 км) орташа жол жөндеу бойынша өндірістік жұмыс кестесінен кейін қалу;
39,9 млн. теңге - Баршатас ауылындағы Кудерин, Байкотан Би, Жаназар батыр көшелеріндегі автожолдарды орташа жөндеу бойынша аванстық төлем сомасы, жұмыстар басталған жоқ;
39,2 млн. теңге - Шымырбаев көшесі (1,400 км), Орталық көшесі (0,600 км), Саяхат көшесі (1,100 км) бойынша жолдарды орташа жөндеу бойынша Айғыз ауылында аванстық төлем сомасы, жұмыстар басталған жоқ;
38,1 млн.теңге Аягөз ауданы, Ақтоғай ауылындағы су тарту құрылыстары мен су құбыры желілерінің құрылысына мердігердің өндірістік кестеге сәйкес жұмыстарды уақтылы аяқтамауына байланысты;
35,9 млн. теңге - Тарбағатай ауылындағы Ж. Молдабаев көшесі (1,000 км), М. Қалиев көшесі (0,420 км), Окпета көшесі (0,280 км), Мектеп көшесі (0,350 км), о. Сүйіндіков көшесі (0,330 км), с. Омарғазин көшесі (0,300 км) жолдарын орташа жөндеу бойынша сома аванстық төлем, жұмыс басталмады;
24,6 млн.теңге Аягөз ауданы, Емелтау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 19 шақырым жерде антенна-мачталық құрылысы шартының бұзылуына байланысты алдын ала төлем сомасы қайтарылды.
19,6 млн. теңге - Бидайық ауылында аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу бойынша аванстық төлем сомасы, жұмыстар басталған жоқ;
10,9 млн.теңге - Аягөз қаласы әкімі аппаратының пешіне құбыр орнату бойынша мердігердің жұмыстарды уақтылы жүргізбеуіне байланысты;
3,9 млн. теңге - зейнеткерлерді тегін жол жүрумен қамтамасыз ету бойынша шарттың болмауына сәйкес;
2,8 млн. теңге - аудандық маңызы бар KF-AK-85, Ақшаули-Мыңбұлақ-Нарын-Шыңғожа автомобиль жолын орташа жөндеу бойынша км 0+00-15+00 аванстық төлем сомасы, жұмыстар басталмады;
1,6 млн. теңге - бюджеттік бағдарламалардың барлық әкімшілері бойынша дөңгелектеу есебінен.
Семей қаласы бойынша – 639,1 млн.теңге (99,2%)
361,5 млн.теңге - жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша, Омбы-Майқапшағай автомобиль жолдарының құрылысына трансферттердің кеш түсуіне (31.10.2024 ж.) және ауа райының нашарлауына байланысты құрылыс жұмыстары толық көлемде аяқталмаған;
156,8 млн.теңге - жолдарды орташа жөндеу бойынша зертханалық сынақтардың теріс қорытындысына байланысты;
42,9 млн.теңге – «Локомотив» стадионы аумағында көпфункционалды кешен құрылысының жобалық құжаттамасын әзірлеуде мердігердің қабылданған міндеттемелерді босатуға келіспеуіне байланысты (сараптаманы 2025 жылғы қаңтарда алуды жоспарлап отыр);
34,1 млн теңге – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аспалы көпірді күтіп ұстау бойынша сот ісін жүргізуге байланысты;
11,9 млн.теңге – құрылыс бөлімі, Қарағайлы шағын аудандағы тұрғын үйлер құрылысының жобалық құжаттамасына сараптама жүргізуде «Мемлекеттік сараптама» мемлекеттік кәсіпорнынан жұмыстың аяқталғаны туралы актының болмауына байланысты;
7,9 млн. теңге - құрылыс бөліміне, Қарағайлы шағын аудандағы тұрғын үйлердің инженерлік желілерінің құрылысын авторлық және техникалық қадағалауға арналған шығыстар (қосымша келісімдерді тіркеу мүмкін болмады);
6,7 млн.теңге – азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен, тегін жүру түрінде әлеуметтік қолдаудың нақты көрсетілуіне байланысты;
5,3 млн.теңге – тұрғын үй құрылысына ішкі несиелерден облыстық бюджеттен несиелер есебінен үнемдеу;
3,9 млн.теңге – «Ауыл Ел бесігі» жобасы аясында Бұлақ ауылын электрмен жабдықтау желілерін салу бойынша (осы жоба Жаңасемей ауданына берілген, міндеттемелер Жаңасемей ауданы бюджетінен қоса қаржыландыру болған жағдайда босатылады);
3,5 млн.теңге – Шлеева көшесіндегі су құбыры желілерінің құрылысының жобалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жобалау ұйымының ағымдағы шотының жабылуына байланысты төлем шоттары
31 желтоқсанда қайтарылды;
4,6 млн. теңге - басқа да және мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеу.
Көкпекті ауданы бойынша – 437,0 млн.тенге (92,3%)
302,6 млн.теңге - Толағай ауылы автожолдарын орташа жөндеу жобасы бойынша мердігер ұйымның басшысына қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында ұйымның қызметі уақытша тоқтатылып атқарылған жұмыс актісінің берілмеді, 13 шақырымнан 5,7 шақырымның ғана жұмысы жасалынды;
63,4 млн. теңге – Үшкөмей мен Қарамойыл ауылдарында мед.пункттерге инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым бойынша атқарылған жұмыстар актісі жоқ;
49,5 млн.теңге – ИКИ бойынша үнемдеу, жұмыс көлемінің төмендеуіне байланысты оның ішінде: (9,8 млн.теңге Шәріптоғай ауылында; Мамай ауылында 12,3 млн.теңге; Биғаш ауылында 6,9 млн.теңге; Қарамойыл ауылында 6,9 млн.теңге; Үшкөмей ауылында 6,8 млн.теңге; Үлгүлімалшы ауылында 6,8 млн.теңге);
8,9 млн.теңге – Биғаш және Тассай ауылдарында антенна-мачталық құрылғы құрылысының жобалық сметалық құжаттамалары бойынша мемлекеттік сараптамаға келісім шарт жасалмады;
5,4 млн теңге – бюджеттік бағдарламалардың барлық әкімшілері бойынша мемлекеттік сатып алудан үнемдеу;
2,2 млн.теңге – Мемлекеттік сатып алу порталында Жүзағаш көпірінің мемлекеттік сараптамасына келісімшарт жасалған жоқ;
1,9 млн.теңге – ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға бюджеттік кредиттер жобасы бойынша үнемдеу;
3,6 млн. теңге - бюджеттік бағдарламалардың барлық әкімшілері бойынша басқа да үнемдеу.
Жарма ауданы бойынша – 343,8 млн. теңге (95,6%)
121,4 млн. теңге - жалға берілетін тұрғын үй сатып алу бойынша конкурстық рәсімдердің аяқталмауына байланысты;
84,7 млн. теңге – Шуақ ауылындағы қазандықты ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардың аяқталмауына байланысты;
83,6 млн.тенге - аудандық бюджеттің кіріс бөлімінің орындалмауына байланысты;
38,0 млн.теңге – фельшерлік-акушер пунктінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша үнемдеу;
8,6 мың теңге – Сарыарқа-Шар елді мекендерінде көше жарығын орнатпау бойынша мердігерді жосықсыз деп тану туралы сот талқылаулары жүргізілуде;
7,3 млн.теңге – аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу жұмыстарынан үнемделген қаржы;
0,3 млн.теңге мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеу.
Ақсуат ауданы бойынша – 301,1 млн.теңге (97,4%)
299,4 млн.теңге – конкурстық процестердің ұзаққа созылуына байланысты Ақсуат ауылындағы кәріз желілерін қайта жаңғырту жұмыстары кестеден кеш басталды;
1,9 млн. теңге барлық ББӘ бойынша дөңгелектеу есебінен.
Бородулиха ауданы бойынша 181,7 млн.теңге (96,9%)
149,3 млн. теңге - Новошульба ауылдағы жолдар мен көшелерді орташа жөндеуге стандарт бойынша асфальттың сапасына сәйкес келмейді;
24,6 млн. теңге - Invataxi сатып алу туралы (сот өндірісі жүріп жатыр);
5,3 млн. теңге - аумақтарды дамытудың бас жоспарына сәйкес құжаттаманың сараптама порталына уақтылы жүктелмеуіне байланысты;
1,8 млн. теңге - АӘК, жалақы және салықтар бойынша үнемдеу.
Мақаншы ауданы бойынша – 51,2 млн.теңге (98,7%)
16,6 млн. теңге - мәдени ошақтың коммуналдық қызметтеріне /электр қуатына/ және басқа да қызметтеріне бөлінген қаражат (кірістердің орындалмауына байланысты);
11,6 млн. теңге - Қаратұма және Көктал ауылдарын шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын барлау бойынша ақшаны үнемдеу;
10,9 млн. теңге - Мақаншы, Бақты, Қарабұлақ, Қаратұма ауылдарының жолдарын ағымдағы жөндеуден үнемдеу;
4,7 млн.теңге - мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету стандарттарын арттыру үшін мүгедектерден өтініш Үржар ауданына түскендіктен қалған қалдық;
2,4 млн. теңге - мәдениет үйіне көмір сатып алудан үнемдеу;
1,5 млн.теңге - «Қабанбай ауылы айналма» жолының жобалық сметалық құжаттарының толық толтырылмауына байланысты;
1,1 млн. теңге - жекелеген санаттағы азаматтардың тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша үнемдеу.
Абай ауданы бойынша – 50,9 млн. теңге (99,2%)
45,7 млн. тенге - Қарауыл ауылындағы орталық алаңның Арбатын ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісінің болмауынан;
2,6 млн. тенге – Көкбай ауылындағы Мырза батыр көшесіндегі, Қарауыл ауылындағы Тоқтамыс көшесіндегі жолдарды Ауыл ел бесігі бағдарламасы бойынша орташа жөндеу «Жол активтерінің сапасы Ұлттық орталығы» жұмыс сапасы мен материалдарына сараптама жүргізудің оң нәтижелерінің болмауына байланысты,.
1,8 млн. теңге – барлық ББӘ бойынша дөңгелектеу есебінен.
0,6 мың теңге – Қарауыл ауылындағы көшелерді жарықтандыруға жылдық қызмет көрсету бойынша жұмыстар аяқталмаған, сотқа шағым түсірілді.
Жаңасемей ауданы бойынша 49,9 млн. теңге (98,6%)
35,6 млн. теңге - орындалмаған жұмыс көлеміне байланысты «Семей қаласының Алғабас ауылында су құбыры желілерін және бірінші көтергіш ұңғыманы қайта жаңарту», өнім берушінің жұмыс кестесінен артта қалуы;
6,1 млн. теңге - барлық ББӘ бойынша дөңгелектеу есебінен;
5,1 млн. теңге - пәтер сатып алудан үнемделген қаражат;
2,1 млн. теңге - «мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға арналған бюджеттік кредиттер» бойынша сатып алынатын үйлердің бағалауына сәйкес кредиттер беру кезіндегі қалдықтар.
- қалған аудандар бойынша – 54,6 млн. теңге.