Абай облысы тарихи-мәдени танымдық, экологиялық және жағажай туризмін дамыту үшін жоғары әлеуетке ие.
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде туризм секторындағы басым мақсаттар мен үрдістер бойынша кешенді жұмыстар жалғасуда.
2024 жылғы IIІ тоқсанның қорытындысы бойынша облыс аумағында жалпы нөмірлік қоры 6 582 бірлік нөмірді құрайтын 321 орналастыру орны жұмыс істейді. Бір жолғы сыйымдылығы 17 171 төсек-орынды құрайды. Облысқа 225,8 мыңнан астам адам келді, оның ішінде 2 949 шетелдік туристер. Орналастыру орындарымен 4,8 млрд. теңгеден астам сомаға қызмет көрсетілді. Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9,4 млрд теңгені құрады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы туризм саласында 3 млрд теңгеден астам жеке инвестиция сомасына 11 жоба іске асырылуда, оның ішінде 2 жоба іске асырылды («Eastwood Resort» демалыс үйі мен Silkway Deluxe қонақ үйінің құрылысы).
Қазіргі уақытта туристер арасында аймақтағы танымал туристік бағыттар:
Алакөл көлінің жағасындағы курорттық аймақ өңірдің інжу-маржаны болып табылады және Қазақстанның ТОП-20 туристік дестинациясының қатарына кіреді. Жағажай, емдеу-сауықтыру, экологиялық туризм ресурстарына ие.
Алакөл көлінің жағалауының туристік тартымдылығын арттыру мақсатында «Алакөл көлінің жағалауындағы туристік аймақты дамытудың жол картасы» шеңберінде туристердің демалуы үшін қолайлы орындарды жайластыруға және абаттандыруға бағытталған іс-шараларды қамтитын 42 іс-шара бойынша жұмыс жүргізілуде. Жыл сайын облыс басшылығының төрағалығымен жұмыс сапарлары жүзеге асырылады, оның барысында аталған Жол картаның іс-шараларының орындалуына мониторинг жүргізіледі.
Сондай-ақ, өңірдегі ерекше қорғалатын туристік аумақтарда, соның ішінде «Тарбағатай» МҰТП мен «Семей орманы» МОТР табиғи-мәдени ескерткіштерін зерделеу мен бақылау, туристік қызметтің негізгі бағыты табиғи ортамен байланысты экологиялық туризмі қарқынды дамуда.
«Тарбағатай» МҰТП аумағында экологиялық туризмді дамытуға бағытталған «Қазақстан Республикасының МҰТП аумақтарында экологиялық туризмді дамыту жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасы» шеңберінде бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда.
«Тарбағатай» МҰТП-ның аумағында «Әлемді», «Әлет», «Қусақ», «Қарабас» 4 туристік маршруттың паспорттары бекітілді. Аталған туристік маршруттар маусым айының ортасынан қазан айына дейінгі мерзімде туристерді қабылдай алады.
«Семей орманы» МОТР аумағында екі туристік соқпақ орналасқан: «Святой ключ» экологиялық туристік соқпағы, «Орман құпиялары» туристік оқу-экскурсиялық соқпағы.
Трансшекаралық туризмді дамытуды ынталандыру және көрші елдермен өзара іс-қимыл жасау үшін қолайлы орта құру мақсатында өңір халықаралық көрмелер мен кездесулерге белсенді қатысуда.
Анықтама: Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасындағы Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы Келісімі 2023 жылғы қарашада күшіне енгеніне байланысты, Қытай Халық Республикасының резиденттеріне біздің еліміздің аумағында 30 күнтізбелік күнге дейін болуға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылы Абай облысының делегациясы VIII «Қытай-Еуразия» EXPO көрмесіне және Қазақстан-Қытай өңіраралық ынтымақтастық ІІІ форумына (Үрімші қ., Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Қытай Халық Республикасы), сондай-ақ Ресей Федерациясының Татарстан Республикасының Қазан қаласында Абай облысының Мәдениет күндеріне (ағымдағы жылдың 7-9 қарашасы) арналған іс-шараларға қатысты. Аталған іс-шаралар барысында өңірлер туризм мен кәсіпкерлікті дамыту бойынша тәжірибе алмасып, бизнес өкілдері арасында В2В кездесулері өткізілді.
Бүгінгі таңда жаңа туристік кеңістіктер құру мақсатында әлеуетті инвесторларды тарту үшін қытайлық және ресейлік тараптармен келіссөздер жүргізілуде.
Бұдан басқа, әлеуметтік желілерде туристік әлеуетті ілгерілету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде (instagram парақшаларда) .