Жер қойнауын пайдалану
Бүгінгі күні жер қойнауын пайдалану бөлімімен пысықталды:
- 2024 жылы жер қойнауын пайдалану операцияларының салдарын жою және аумақты зерттеуге шығу жөніндегі комиссия құру мәселесі бойынша жұмысқа 20 учаске бойынша 15 өтініш түсті.
- 2024 жылы 20 өтініш бойынша комиссия құрылып, жер қойнауын пайдалану операцияларының салдарын жою мәселесі бойынша учаскелерге шығулар жасалды. Шығу нәтижелері бойынша: 23 тексеру актісі және 5 тарату актісі берілді.
E-licence порталында мемлекеттік қызметтер бойынша жұмыс жүргізілуде:
«Болашақ құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы туралы немесе оның маңыздылығының аздығы туралы» - 2022 жылы – 3 қорытынды; 2023 жылы – 17 қорытынды; 2024 жылы – 22 қорытынды, 7 бас тарту берілді.
«Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шартты тіркеу» - 2023 жылы-3 өтініш, 2024 жылы-3 өтініш.
«Кен іздеушілікке арналған лицензия» - 2022-2023 жылдары - 22 лицензия, 2024 жылы – 18 лицензия, 6 бас тарту берілді.
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру.
Тау-кен жұмыстарының жоспарын келісу, тарату жоспарына сараптама жүргізу қажеттілігі туралы - 3 өтініш бойынша хабарламалар берілді.
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге 16 лицензия берілді, 2 Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензиясының мерзімін ұзарту, Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге 3 рұқсаттың мерзімін ұзарту.
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсат - 50 рұқсат берілді.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға рұқсат - 17 рұқсат берілді.
Жер қойнауын пайдалану кәсіпорындарын қайта тіркеу жұмыстары жалғасуда.
Жалпы Абай облысы бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруді жүзеге асыратын шамамен 162 кәсіпорын және 51 кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүзеге асыратын кәсіпорындар, сондай-ақ қатты пайдалы қазбаларды және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруді жүзеге асыратын 10 кәсіпорын жұмыс істейді.
Бүгінде Абай облысында тіркелген – 95 кәсіпорын (11 кәсіпорын қайта тіркеуден өтіп, 4 филиал ашты) тіркелмеген -128 (қатты пайдалы қазбаларды -115 барлау, 13 өндіру бойынша) олармен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылы жергілікті бюджетке салынатын салықтар 18 млрд теңгені, 2023 жылы – 18,5 млрд теңгені, 2024 жылғы қаңтар-қараша айларында – 24 млрд теңгені құрады.
Өнірдің әлеуметтік экономикалық дамуы және оның инфрақұрылымын дамытуға аударымдар - 2023 жылы - 1,7 млрд теңге.
Қайта тіркеу мәселесі Абай облысының Жер ресурстарын басқару департаментімен, Абай облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасымен, Мемлекеттік кірістер департаменттерімен бірлесіп пысықталуда.
9 наурызда облыс әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен Мемлекеттік органдардың өкілдерімен кеңес өткізілді.
10 наурызда облыс әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен 7 кәсіпорын басшыларымен кездесу-кеңес өтті.
5 НҚА әзірленді: