Сауда бөлімі

Сауда және қызмет көрсету саласында кәсіпкерлікті дамыту

2024 жылдың басынан бастап Семей қаласында жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеге сауда объектілері пайдалануға берілді, оның ішінде:

Семей қаласындағы «Smart» СОО «Альпиев» ЖК, Трусов көшесі, 3 (құны - 500 млн теңге);

«BB» супермаркеті «Трухин» ЖК, Кутжанов көшесі, 42Б/1 (құны - 380 млн теңге);

Семей қаласындағы Әуезов көшесіндегі «Кульчигишев» ЖК СОО (құны – 350 млн теңге);

Семей қаласындағы Ауданы 4 000 шаршы метр «Арғымақ» СҮ екінші корпусы («Арғымақ» СҮ кеңейту) «Ширяев» ЖК, Засядко көшесі, 89 (құны – 750 млн теңге);

«Central City» СҮ, Шәкәрім көшесі, 74, ауданы 3 500 шаршы метр (құны – 600 млн теңге).

Сонымен қатар, бүгінгі күні Қабанбай батыр көшесінде «Ковалев» ЖК Балалар ойын – сауық орталығының құрылысы жүргізілуде (құны-500 млн теңге).

Жол картасы аясында облыс бойынша 2024-2025 жылдарға арналған өткізу мерзімімен стационарлық емес сауда базарларын («Мереке» базары, «Смокк» базары, «Ақшын» СҮ) жаңғыртуды бастау жоспарлануда.

Қазіргі заманғы сауда форматтарын салу және кеңейту үшін пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялаумен екі жоба ұсынылады: «Тұрлыбеков» ЖК, Семей қаласының «Мереке» базары (құны 2,5 млрд. теңге, іске асыру мерзімі – 2025 жыл), «Аубакиров» ЖК, Семей қаласының «СМОКК» базары (құны 2,5 млрд. теңге, іске асыру мерзімі – 2025 жыл).

2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жаңғыртуды жүргізу қажеттілігі туралы нарықтар басшылығымен консультативтік және түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

 

ӘМАТ

Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру мақсатында ҚР Үкіметінің резервінен 2,0 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 1,3 млрд теңге сомасына ӘМАТ-қа форвардтық шарттар жасалды.

«Үй жанындағы» дүкендерден базарлар мен ірі сауда объектілеріне дейінгі бағаларды бақылайтын 152 мониторингтік топ тұрақты жұмыс істейді.

ӘМАТ бағасын ұстап тұру бойынша 1 148 меморандумға қол қойылды (10% - дық ең төменгі сауда үстемесі туралы).

Ағымдағы жылы делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) 102 отырысы өткізілді.

Комиссия қорытындысы бойынша 176 тексеру жүргізілді, оның ішінде: 128 заң бұзушылық бойынша сауда нысаны ӘҚБтК-нің 204-4 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 17 заң бұзушылық бойынша сауда нысаны 193 баптың 4 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 3 заң бұзушылық бойынша сауда нысаны ӘҚБтК-нің 204-2 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды,  21 тексеру бойынша заң бұзушылық расталмады.

Абай облысы бойынша 2024 жылдың І-ІІ-ІІІ-ІV тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні бекітілді (СИМ-мен келісілді).

2024 жылдың басынан бастап облыстың барлық аудандарында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 217 жәрмеңкесі өткізілді, 405,7 млн. теңгеге өнім сатылды.

 

ЖЖМ

Облыста 127 ЖМҚС жұмыс істейді (оның ішінде 6 шағын ЖМҚС-та, сақтау орындарының болмауына және сатушылардан сатып алудың ең аз көлеміне байланысты 65 тонна (1ЦС), бұдан басқа алдын ала төлем жасау мүмкіндігі жоқ). Оның ішінде 120 жанармай құю станциясы дизель отынын сатады.

Анықтама: Жанар-жағармай тапшылығы мәселелері бойынша облыстың ЖМС иелерінің сұраныстары тұрақты негізде қарайды.

Мысалы, ЖЖМ тапшылығын жою мақсатында «Петроретейл» ЖШС және «Альмара Петролеум» ЖШС-мен келіссөздер жүргізілді, нәтижесінде облыс аудандарының шағын ЖМҚС АИ-92 маркалы бензин көлемі 3 000 тоннадан астам алынды.

Алайда, облыста жүйелі түрде туындайтын проблемалық мәселелер байқалуда, мысалы, кәсіпкерлер, сондай-ақ аудандар мен қалалардың әкімдіктері мұнай өнімдерін сатып алуды алдын ала жоспарламайды, бұл белгілі бір аудандарда ЖЖМ жеткізу мен тапшылығына байланысты жиі проблемалардың себебі болып табылады.

 

Дата публикации
24 декабря 2024