Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1779745,3 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 0,2% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,9% өсті, өңдеу өнеркәсібінде – 1,8% төмендеуі байқалды , электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 14,8% өсті, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 15,2% төмендеуі байқалды.

2024 жылғы қаңтар-қараша ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 414718,1 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 107,1% құрады.

2024 жылғы қаңтар-қарашасында көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 12693,4 млн.ткм құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-қарашамен салыстырғанда 91% құрады.

Жолаушы айналымы 1064,3 млн.жкм. құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-қарашамен салыстырғанда 97,1% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 245201,6 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 122,8% құрады.

2024 жылғы қаңтар-қарашада пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 7,7% өсіп, 306,9 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер –122,3% (240,7 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 16,7% (66,2 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 471586,1 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-қарашамен салыстырғанда 105 % құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 8483 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 2,4% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 8207 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 6982 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 6706 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 6330 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,6% артты.

Салалық статистика
Дата публикации
20 декабря 2024