Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 86 бұйрығымен бекітілген салынып жатқан (салынуға жоспарланған) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу тәртібін айқындау қағидаларына сәйкес, салынып жатқан (салынуға жоспарланған) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу тәртібі айқындалған.
Сәулет және қала құрылысы саласындағы облыстардың (облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері мониторинг барысында анықталған заңсыз құрылыстар туралы ақпаратты тиісті шаралар қабылдау үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстардың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
Өз кезегінде Басқарма тұрақты негізде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізеді. Қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтар анықталған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" ҚР Кодексіне сәйкес шаралар қабылданады. Басқарма ағымдағы жылы жоспардан тыс 108 тексеру жүргізгенін, оның шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 182 хаттама жасалып, бұзушылықтарды жою туралы 101 нұсқама енгізілді.