2024 жылдың 10 айында Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 335,9 млрд.теңгені (өсу қарқыны 108,6%) құрады, ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі 105,6% мөлшерінде қалыптасты.
Осы кезеңде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 29,9 млрд.теңге (47,8 %), азық – түлік өнімдеріне – 3,8 млрд. теңге (41,6%) инвестиция салынды.
Ағымдағы жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны: ірі қара мал - 792,2 мың, оның ішінде аналық мал (сиыр) - 419,6 мың, жылқы - 357,6 мың, қой мен ешкі - 1 276,6 мың басты, құс - 1 347,8 мың басты құрады.
Осы кезеңде ет өндірісі (сойыс салмақта) облыс бойынша 0,6 % артып 59,6 мың тоннаға (оның ішінде сиыр еті 17,0 мың тонна, қой еті 8,2 мың тонна, жылқы еті 19,4 мың тонна, құс еті 14,4 мың тонна), сиыр сүті 2,6 % артып 259,2 мың тоннаға жетті. Тауық жұмыртқасының өндірісі 51,2 млн. дананы құрады.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 749,5 мың га шоғырланды, оның ішінде 299,0 мың га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 295,8 мың га майлы дақылдар (оның ішінде күнбағыс 290,1 мың га немесе өткен жылғы деңгейдің 101,6%); 143,5 мың га жемшөп (113,8%), 5,8 мың га картоп, 5,4 мың га көкөніс және бақша дақылдары.
Бүгінгі таңда өңірде астық жинау толық аяқталды. Орташа өнімділігі 15,0 ц/га болатын 449,7 мың тонна астық бастырылды. 444,8 мың тоннадан астам майлы дақыл, 134,2 мың тонна картоп, 128,4 мың тонна көкөніс жиналды. 5,8 мың га алқаптан картоп 229,8 ц/га жиналып, нәтижесінде 134,2 мың тонна өнім алынды. Көкөністерді жинау да аяқталды. Өнімділігі 236,9 ц/га болатын 128,4 мың тонна жиналды.
Жалпы, егін жинау жұмыстарына АШТӨ-мен берілген өтінімдері бойынша 250 теңге/литр бағамен 15,3 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлініп, жеткізілді.
Агроөнеркәсіптік кешен саласында облыс әкімі бекіткен және АШМ келісілген 2024-2026 жылдарға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша өзектендірілген Жол картасына сәйкес 64,9 млрд. теңге сомасына 32 жоба көзделген.
Ағымдағы жылы 9,1 млрд.теңгеге 18 жоба іске асырылды (суару бойынша жоба – 96,6 млн. теңге, 1 генофондты жақсарту бойынша жоба - 93,6 млн. теңге, шұжық өнімдерін өндіру желісін қосу жобасы - 600 млн. теңге, материалдық-техникалық базаны жаңарту бойынша 8 жоба (машина-трактор паркін кеңейту) 2 456 млн. теңге, , күнбағыс өңдеу және тазартылмаған күнбағыс майын шығару цехын құру бойынша жоба - 82 млн. теңге, сүтті-тауарлы фермасын кеңейтубойынша 2 жоба – 2 770 млн. теңге).
Сонымен қатар, осы бағдарлама шеңберінде 2025 жылы жалпы сомасы 7,4 млрд.теңгеге заманауи су үнемдеу технологияларын (жаңбырлатып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, 7 жобаны қаржыландыру жоспарлануда.