2024 жылдың 1 қазанына халық саны: 604,5 мың адам, оның ішінде қалалық – 373,5 мың адам (61,7 %).
Облыстың әкімшілік бөлінісі: 2 облыстық маңызы бар қала, 2 аудандық маңызы бар қала, 10 аудан, 134 ауылдық округ, 2 кент, 322 ауылдық елді мекен.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 218,6 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 129,6 %.
113,4 % өсу қарқынымен 265,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
2024 жылдың 3 тоқсанындағы орташа жалақы 334 507 теңгені құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 14,2 % жоғары.
Инфляция 106,8 % құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына – 104,6 %.
2024 жылдың 1 қарашасында мемлекеттік бюджетке 321,4 млрд.теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 214,2 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 107,2 млрд. теңге.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Қала халқының орталық сумен жабдықтауға қолжетімділігі 92,8%, кәріз – 65,5% құрайды.
Ауыл тұрғындарының сумен жабдықтауға қол жетімділігі 92,9%.
2024 жылы орталықтандырылған сумен жабдықтауға және кәріз желілеріне қолжетімділікті кеңейту мақсатында 53 құрылыс және қайта жаңарту жобаларын іске асыруға 8,6 млрд. теңге (НФ – 5,3 млрд.тенге, РБ – 0,9 млрд. тенге, ОБ – 2,4 млрд. тенге) қарастырылды.