«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 3-тармағына, 8-бабына, 11-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Ақсуат ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен Ақсуат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 252 қаулысына және Ақсуат аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 15/21-VIII шешіміне сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1) Есептік деректерден жоя отырып, Көкжол ауылы таратылсын, оның аумағы Екпін ауылдық округінің Екпін ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін;
2) Есептік деректерден жоя отырып, Қызбай ауылы таратылсын, оның аумағы Көкжыра ауылдық округінің Мүрсәлім ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін.
Абай облысы әкімі Н. Уранхаев
Абай облысы мәслихатының
төрағасы К. Сулейменов
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 12.11.2024
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 366-18 болып енгізілді