Абай облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 8 желтоқсанда Абай облыстың 5 сайлау округтарында болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.

Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 17 кандидаттан барлығы 2 кандидатты жеке өтініштері негізінде тіркелгенге дейін алып тастады, 15 кандидатты тіркеді.

Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидатты құрайды.

Тіркелген 15 кандидаттың 3 саяси партиялар, 12 өзін-өзі ұсынған. Оның 14 ер адам, 1 әйел адам. Кандидаттар арасында 2 этнос өкілдері бар.

4 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 11 партияға тиесілігін көрсетпеген.

Орташа жас - 39 жыл.

9 кандидаттың жоғары білімі, 6 – орта кәсіптік білімі бар.

Кандидаттардың 9 - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 6 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 7 желтоқсанда  00.00 сағатқа дейін созылады.

Сілтемелер:

  1. Абай облысы;
  2. Семей қаласы;
  3. Көкпекті ауданы;
  4. Мақаншы ауданы.

Абай облысының

аумақтық сайлау комиссиясы

 
 
 
 
Дата публикации
14 ноября 2024