Абай облысы мәслихатының
2023 жылғы «__» ___________
№ _________шешімінің қосымшасы
Абай облысы маслихатының
2022 жылғы 05 қазандағы
№ 8/43-VII шешімнің қосымшасы
Абай облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары
1) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлардың барлық түрлері;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері – меншік, шаруашылық жүргізу құқығындағы, жедел басқарудағы немесе басқа да заңды негізінде ауыл шаруашылығы жануарлары бар заңды немесе жеке тұлғалар;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өту (айдау) – ауыл шаруашылығы жануарларының тұрақты тұрған жерінен жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамындағы жер учаскелерінде, сондай-ақ жердің басқа санаттарының құрамындағы жер учаскелерінде адамның бақылауында болатын ауыл шаруашылығы жануарларының шөп және өзге де өсімдіктерді тұтыну процесі;
5) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;
6) жайылымдар – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуға жол беріледі;";
"6-1) көпшілік пайдаланатын жайылымдар – елді мекендердің іргелес аумағында орналасқан және мемлекет меншігіндегі, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басын жаю бойынша жергілікті халық мұқтажын қанағаттандыруға арналған жайылымдар;";7) маусымдық жайылымдар – жыл мезгілдеріне және (немесе) пайдалану кезеңділігіне сәйкес қолайлы табиғи-климаттық жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін пайдаланылатын жайылымдар;
8) шалғайдағы жайылымдар – елді мекендерден алыстағы аумақтарда шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын жайылымдар;
9) жалпыға ортақ пайданалатын жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, кондоминиум құрамына кірмеген үй жанындағы жер учаскесі, жолдар, жағалаулар, парктер, саябақтар, opмaн парктерi, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және басқа да халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылыс жайлары және ортақ пайдаланылатын басқа да инженерлiк жүйелер, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын жылу желілері мен инженерлік жүйелердің күзет аймақтары) алып жатқан және оларды орналастыруға арналған жерлер.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 11127 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес әрбір тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларына сәйкестендіру нөмірі беріледі. Ветеринариялық паспорт ауыл шаруашылығы жануарларына ұсақ малдарды, шошқаны қоспағанда жеке беріледі.
Ұсақ малға (қойлар, ешкілер), шошқаларға ветеринариялық паспорт тобына (отарына) беріледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды қоршалған немесе қоршалмаған жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларының иелері не олар уәкілеттік берген адамдар жүзеге асырады.
Табиғи-климаттық аймақтарға байланысты тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға бөлінген жайылымдар мен басқа да жер учаскелерінде ғана жол беріледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай, ал тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ұстау орнына дейін айдап өту (айдау) ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олардың уәкілетті адамдарының қадағалауымен жүзеге асырылады.
1) ауру ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға (оның ішінде жұқпалы ауруларды жұқтырған).
2) міндетті ветеринариялық рәсімдерден өтпеген, оның ішінде егу және
3) жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде, темір және автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерде, су қорғау белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарының шекарасында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;
4) су қорғау аймақтарының шегінде жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
5) бірдейлендірілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай айдап өту (айдау), жаю, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз ауыл шаруашылығы жануарларының орнын ауыстыруға жол берілмейді.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 99-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік орман қорына кіретін жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюға ерекше жағдайларда шалғайдағы, қол жеткізу қиын және халық аз қоныстанған аудандарда жүзеге асырылады. Осындай аудандардың тізбесін облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынымы бойынша облыстың жергілікті өкілді органы бекітеді;"
7) ауыл шаруашылығы жануарларын теміржолдар арқылы және арнайы бөлінген жерлерден тыс, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайларында (әртүрлі деңгейлердегі мал айдаудан басқа);
8) өзге жолдар болған кезде ауыл шаруашылығы жануарларын асфальт төселген және цементпен бетондалған жолдармен айдап өтуге;
9) қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, жалпыға ортақ пайдаланылатын су айдындарында және су жиналатын жерлерде ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға жол берілмейді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын суат алаңдары мен басқа да құрылғылары бар санитариялық қорғау аймақтарынан тыс су объектілерін пайдалануға жол беріледі.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/909 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12259 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларына сәйкес айқындалады.";
Әрбір маусымның (күндердің) жаю ұзақтығы нақты жылдың шарттарымен анықталады.
Ұсталған қараусыз жүрген жануарларды ұстау, иелеріне қайтару тәртібі, сондай-ақ иелерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес айқындалады..
Маусымдық жаю жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарлары көктемде-жазда-күзде жайылымдарда, қыста-толыққанды азықтандыру арқылы қорада ұсталады.
Жыл бойы жаю жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарлары жыл бойы жайылымда болады.
Қолайсыз ауа райы жағдайында мал шаруашылығы қора-жайлары пайдаланылады және тиісті азық қоры құрылады.
Жайылымдар туралы заңның 15-бабы 4-тармағында көрсетілген жайылымдарды қоспағанда, шалғайдағы жайылымдар жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 43-1-бабында белгіленген тәртіппен беріледі.
Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажына арналған жайылымдарда, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдарда орналасқан суландыру құрылыстарына қол жеткізу өтеусіз негізде беріледі.
Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес жайылымдарды резервке қою жүзеге асырылады.
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі – Жоспар) жайылымдарды резервке қою үшін негіз болып табылады.
16 Жоспарды ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, Жайылымдар туралы заңның 6-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы уәкілетті орган бекітетін жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспардың негізінде әзірлейді.
Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормалары асып кеткен жағдайда Жоспарға сәйкес аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде беріледі.
18.Алынып тасталды.
Елді мекеннің шекаралары (шектері) шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарлары мал басы Жоспарға сәйкес жайылымдардың басқа учаскелеріне, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарға орны ауыстырылады.
Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдарды, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарды пайдалану Жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жайылымдар беру туралы жеке шешімін шығару талап етілмейді.
Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларынан асып кеткен кезде жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдардың алаңдарын ұлғайту мақсатында бұрын берілген жайылымдарды Жер кодексінің 84, 85, 86, және 87-баптарына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылуы мүмкін.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын бір адамға арналған жүктеме нормалары осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген.
22.алынып тасталды.
ірі қара мал үшін далалық және орманды дала аймақтарында 2-4 км., қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 4-6 км.;
жылқылар үшін далалық және орманды дала аймақтарында 4-5 км., қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 5-7 км.;
түйелер үшін далалық және орманды дала аймақтарында 6-7 км., қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 7-8 км.;
қой мен ешкілер үшін далалық және орманды дала аймақтарында 2,5-4 км., қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 3-6 км.
Облыс бойынша құдықтар арасындағы қашықтық орташа 3,8 км..
1) Жоспардың іске асырылуын;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыру және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсынуды қамтамасыз етеді.
1) Жоспардың іске асырылуын қамтамасыз етуді және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсынуды;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыруды;
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларының сақталуын;
4) қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарларын уақытша ұстау орындарын ұйымдастыруды;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етеді;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын жинайтын орындарды;
7) елді мекен ішіндегі ауыл шаруашылығы жануарларын табынды жиналатын орнына дейін, жайылатын учаскелерге дейін және кері айдау бағдарларды;
8) елді мекендер айналасындағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған учаскелерді;
9) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарға айдау бағдарларын;
10) шалғайдағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жас топтары мен түрлері бойынша учаскелерін айқындайды.
1) ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық-жастық топтары бойынша топтарын қалыптастыруды;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының қалған топтарынан аналық (сауын) мал басын айыруды;
3) кенттердің және ауылдық елді мекендердің аумағы шегінде және шалғайдағы орналасқан жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, жаю орнына дейін және кері қарай айдау (айдау) кезінде сүйемелдеу;
5) елді мекендер шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарлары топтарын шалғайдағы жайылымдарға айдауды
Ауыл шаруашылығы
жануарларын жаю
қағидаларының
1 қосымшасы
Айдауға жататын жануарларды іріктеу нормалары
|
Жыныстық-жастық топтары |
Жануарлардың саны, бас |
Тәуліктік айдау қашықтығы, километр |
|
Ірі қара мал |
||
|
Бұзаулы сиырлар(емізулі) |
150-200 |
15-20 |
|
Қашарлар (2 жасқа дейін) |
200-250 |
20-25 |
|
Бұқашықтар (2 жасқа дейін) |
200-250 |
20-25 |
|
Ұсақ мал |
||
|
Қозылы қойлар, Лақты ешкілер |
500-600 |
20-30 |
|
Бір жылғы төл |
600-800 |
30-40 |
|
Жылқылар |
||
|
Құлынды биелер |
100-150 |
25-30 |
|
1,5-2 жастағы төл |
150-200 |
35-40 |
|
Түйелер |
||
|
Түйелер |
100-120 |
40-50 |
Ауыл шаруашылығы
жануарларын жаю
қағидаларының
2 қосымшасы
Айдауға жататын жануарлардың түріне, жыныстық-жастық тобына және қоңдылығына байланысты жинақтау нормалары
|
Жыныстық-жастық топтары |
Қоңдылығы |
||
|
Ортадан төмен, бас |
Орташа, бас |
Ортадан жоғары, бас |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Ірі қара |
|||
|
Бұзаулы сиырлар (емізулі) |
50-70 |
150-200 |
150-200 |
|
Қашарлар (2 жасқа дейін) |
100-150 |
200-250 |
200-250 |
|
Бұқашықтар (2 жасқа дейін) |
100-150 |
200-250 |
200-250 |
|
Ұсақ мал |
|||
|
Қозылы қойлар Лақты ешкілер |
400-500 |
500-600 |
500-600 |
|
Бір жылғы төл |
400-500 |
600-700 |
600-800 |
|
Жылқылар |
|||
|
Құлынды биелер |
50-70 80-100 |
100-150 120-150 |
150-200 150-200 |
|
1,5-2 жастағы төл |
30-60 |
60-90 |
90-120 |
|
Түйелер |
|||
|
Түйелер |
30-60 |
60-90 |
90-120 |
Ауыл шаруашылығы
жануарларын жаю
қағидаларының
3 қосымшасы
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын бір адамға арналған жүктеме нормалары
|
Ірі қара мал, бас |
Ұсақ мал, бас |
Жылқылар, бас |
Түйелер, бас |
|
150-ге дейін |
500-ге дейін |
100-ге дейін |
100-ге дейін |