Абай облысында 2024 жылғы 3 – тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат
Абай облысында 2024 жылғы 3 – тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына іс-шаралары жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен 29 бақылау іс-шарасын өткізді.
Бақылау іс – шаралары объектілерінің саны – 29, оның ішінде:
Жергілікті атқарушы органдар – 16,
Ведомствоға бағынысты ұйым – 13.
Анықталған бұзушылықтар саны – 1 369, оның ішінде:
1) құжаттар топтамасы толық болмаған кезде қызмет көрсету фактілері-9;
2) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамау фактілері-6;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері – 1320;
4) мемлекеттік қызметтер көрсетуден уәжделмеген бас тарту фактілері-5;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу фактілері – 29.
Бақылау іс - шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар саны, барлығы - 31, оның ішінде:
Орындалды - 31.