№ 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Абай облысы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы Қауылысы

№ 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Абай облысы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының 4) тармағына, 101-бабының 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды  бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы  6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. № 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Абай облысы мәслихатының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған, Абай облысы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы «Семей таңы», «Вести Семей» облыстық газеттерінде және Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.

 

Төраға                                                                         Г. Жігітбаева

 Хатшы                                                                        Ә. Ерғазин

 

 

 

2024 жылғы 11 қазандағы

№ 19 қаулысы

 

Дата публикации
11 октября 2024