1-тарау. Жалпы ережелер
- «Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады ақпараттандырудың сервистік моделі.
- Мекеменің түрі: коммуналдық.
- Мекеме Абай облысы әкімдігінің 2022 жылғы «13» қыркүйектегі №29 «Абай облысы әкімдігінің ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысымен құрылып, Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы «29» ақпандағы №56 «Коммуналдық мемлекеттік мекеменің атауын өзгерту туралы» қаулысымен оның атауы өзгертілді.
- Мекеменің құрылтайшысы «Абай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
- Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
- Мекеменің атауы: «Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
- Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: 071400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Достоевский көшесі 110.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
- Мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
- Мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
- Мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
- Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
- Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру;
2) Абай облысы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) «Сергек» бейнеқадағалау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
4) «109» Бірыңғай-байланыс орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
- Мекеме қызметінің мақсаты Абай облысындағы ақпараттандыру, цифрландыру, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
- Мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
2) Абай облысы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету;
3) жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын және мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеу, іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу және дамыту қағидаларын ескере отырып, «электрондық үкіметтің» архитектурасын, «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
4) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту болып табылады;
5) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын толықтыру, олардың дұрыстығы мен өзектілігін қамтамасыз ету бойынша мониторингті жүзеге асыру;
6) «109» Бірыңғай-байланыс орталығы және «Сергек» бейнебақылау жүйесінің жұмысы арқылы Абай облысының тіршілік әрекеті мен қауіпсіздігіне мониторингті жүзеге асыру;
7) мемлекеттік органның архитектурасын іске асыруды және дамытуды қамтамасыз ету;
8) «электрондық үкімет» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтін» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және өзектілендіруді жүзеге асыру;
9) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты өзінің интернет-ресурстарында орналастыру болып табылады;
10) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету;
11) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асыру;
12) цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдайлар жасау;
13) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастыру;
14) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
15) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындау;
16) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік органдардың функцияларын іске асыру мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін операторға электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді ұсыну жатады;
17) цифрландыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген бағыттар мен жобалар бойынша цифрландыру жобаларын іске асыру;
18) Абай облысы деңгейінде іске асырылатын цифрландыру саласындағы жобаларды танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
19) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;
20) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
- Мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
- Мекеме Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле қолданыстағы заңнама шеңберінде жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару
- Мекемені жалпы басқаруды Тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
- Тиісті саланың уәкілетті органы заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мекемені қаржыландыру жоспарын бекітеді;
2) мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3) мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқаратын лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
4) мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;
5) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
6) мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісім береді;
7) өзіне осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Мекеменің басшысын тиісті саланың уәкілетті органы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
- Мекеме басшысы мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады және мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
- Мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда (ережеде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
- Мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
- Мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың озге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
10) өз орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың міндеттерін, өкілеттік шеңберін және мекеменің өзге де басшы қызметкерлерін айқындайды;;
11) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және тиісті саланың уәкілетті органымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5-тарау. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
- Мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мекеменің мүлкі мыналардың:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржык өздере себінен құрылады.
- Мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.
- Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағындакөзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
- Егер қосымша қаржыландыру көзі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, Мекеменің қызметін тиісті саланың уәкілетті органы бюджеттен қаржыландырады.
- Мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
- Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
- Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
- Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органын ұсыну жөніндегі жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.
8-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
- Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
- Мемлекеттік занды тұлга, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
- Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қайта бөледі.
- Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған, осы заңды тұлғаның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, таратылған мекеменің ақшасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
9 тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
- Филиалдар мен өкілдіктер мекемесі жоқ.
«Абай облысының цифрлық
технологиялар басқармасы» ММ
«Ақпараттық технологиялар орталығы»
КММ директорының м.а. А.С. Алимханов
Келісілді:
«Абай облысының цифрлық
технологиялар басқармасы»
ММ басшының м. а. Е.Д. Шалгимбаев