Абай облысының 2024 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Өнеркәсіпте 1 278,7 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі – 102,7% құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 6,0% өсіммен 184,9 млрд. теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 117,2 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 121,8% құрады.

189,8 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа беріліп, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 114,4%.

Облыс экономикасына 273,5 млрд. теңге инвестициялар салынды, нақты көлем индексі – 93,8%.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 54,2 мың бірлікті немесе 100,0% құрады.

Бөлшек сауда айналымы 13,4% өсіммен 348,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 107,9%.

2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында облыс бюджетіне 89,6 млрд. теңге меншікті кірістер түсті.

 

 

Абай облысының 2024 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы
Дата публикации
25 сентября 2024