Абай облысының жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Абай облысының жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзінөзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 7- тармағына және 6-бабына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Абай облысының жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Абай облысы әкімі Н. Уранхаев КЕЛІСІЛДІ Редакциялау күні 29.08.2024 Сақтау күні 20.09.2024 Дата редакции 29.08.2024 Дата скачивания 20.09.2024 Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық актілердің эталонды бақылау банкі Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті 2024 жылғы "___" ______
Дата публикации
20 сентября 2024