Өнеркәсіпте 1 090,2 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі – 101,7% құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2,5% өсіммен 137,1 млрд. теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 93,5 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 115,5% құрады.
167,1 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа беріліп, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 111,6%.
Облыс экономикасына 237,6 млрд. теңге инвестициялар салынды, нақты көлем индексі – 90,6%.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 54,2 мың бірлікті немесе 99,0% құрады.
Бөлшек сауда айналымы 10,5% өсіммен 291,4 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 105,1%.
2024 жылдың қаңтар-шілдеде облыс бюджетіне 73,7 млрд. теңге меншікті кірістер түсті.