2023 жылдың 1 шілдесіне халық саны: 605,9 мың адам, оның ішінде қалалық – 373,1 мың адам (61,5%).
Облыстың әкімшілік бөлінісі: 2 облыстық маңызы бар қала, 2 аудандық маңызы бар қала, 10 аудан, 134 ауылдық округ, 2 кент, 325 ауылдық елді мекен.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 93,5 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі-115,5%.
111,6% өсу қарқынымен 167,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
2024 жылдың 2 тоқсанындағы орташа жалақы 340 204 теңгені құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 12,3% жоғары.
Инфляция 104,2% құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына – 103,4%.
2024 жылдың 1 шілдесіне мемлекеттік бюджетке 211,7 млрд.теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 137,4 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 74,3 млрд. теңге.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен 11 мектеп салуға 12,1 млрд. теңге қарастырылған
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Қала халқының орталық сумен жабдықтауға қолжетімділігі 92,8%, кәріз – 71,1%, жылумен жабдықтауға – 76,2% құрайды.
Ауыл тұрғындарының сумен жабдықтауға қол жетімділігі 92,9%.
2024 жылы орталықтандырылған сумен жабдықтауға және кәріз желілеріне қолжетімділікті кеңейту мақсатында 53 құрылыс және қайта жаңарту жобаларын іске асыруға 8,1 млрд. теңге (РБ – 6,1 млрд. теңге, ЖБ – 2,0 млрд. теңге) қарастырылды.