Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 5 маусымдағы № 106 «2024 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай облысы әкімдігінің «2024 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 5 маусымдағы № 106 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 288-18 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес                 660-750 жолдарымен толықтырылсын.

  1. «Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын    қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Абай облысының әкімі                                                             Н. Ұранхаев

Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 5 маусымдағы № 106 «2024 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
21 августа 2024