2024-2025 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының                2-тармағына, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) 3-тарауының                   34-тармағына, 2024-2025 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырсын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссияның 2024 жылғы         30 шілдедегі № 2 хаттамалық шешіміне сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2024-2025 оқу жылына жергілкті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулы Абай облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялансын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. Б. Сәрсебаевқа жүктелсін.

 

 

   Абай облысының әкімі                                                         Н. Ұранхаев

2024-2025 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі
Дата публикации
07 августа 2024