Өнеркәсіпте 895,7 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі – 101,9% құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2,3% өсіммен 98,8 млрд. теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 74,8 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 113,3% құрады.
140,2 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа беріліп, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 107,8%.
Облыс экономикасына 178,7 млрд. теңге инвестициялар салынды, нақты көлем индексі – 76,0%.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 53,8 мың бірлікті немесе 99,8% құрады.
Бөлшек сауда айналымы 10,8% өсіммен 236,9 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 105,2%.
2024 жылдың қаңтар-маусымында облыс бюджетіне 64,2 млрд. теңге меншікті кірістер түсті.