Абай облысының автомобиль жолдарының ұзындығы - 6 831,8 км, оның ішінде: Республикалық маңызы бар – 2176 км, облыстық маңызы бар – 1592,5 км, аудандық маңызы бар – 3063,3 км.
Облыстық маңызы бар жолдар бойынша жалпы ұзындығы 75 км
7 учаскеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
(Шар-Әуезов бағыттары бойынша 2 учаске, Воскресеновка-Шелехова-Дмитриевка, Көкпекті-облыс шекарасы, Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар
3 учаске).
Аудандық маңызы бар жолдар бойынша жалпы ұзындығы 138,7 км 17 учаскеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
(Бұл Тоқтамыс, Қарауыл-Архат, Бидайық, Қара-Мырза, Жезкент, Қаракөл, Шолпан, Киндикти, Сәтпаев-Көктөбек, Ойшилик, Бородулиха-Жерновка-Поллог, шар-Кезенсу, Жаңғызтөбе-свет, Үлкен Бөкен-Көкжайық-Ұлғұлым және Барқытбел-қарабайрат).
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 52,6 км кентішілік көше-жол желісін орташа жөндеу бойынша 19 жоба іске асырылуда.
(Қасқабұлақ, Көкбай, Қарауыл, Ақтоғай, Канонерка, Бесқарағай, Жаңа Шүлбі, Қамысенка, Шалабай, Теректі, Тассай, Ақсуат, Сәтбаев, Қабанбай, Үржар және Мақаншы ауылдарындағы көшелер).