2024 жылдың 5 айында Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы

2024 жылдың 5 айында Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 112 821,8 млн.теңгені (өсу қарқыны 113,5%) құрады, ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі 102,2% мөлшерінде қалыптасты.

Осы кезеңде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына                          9,8 млрд.теңге (41,7 %), азық – түлік өнімдеріне - 388,5 млн. теңге (26,3%) инвестиция салынды.

Ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны: ірі қара мал 971,7 мың басты, оның ішінде аналық мал (сиыр) 410,6 мың басты, жылқы 456,1 мың басты, қой мен ешкі 1 614,9 мың басты, құс 1 126,2 мың басты құрады.

Сондай - ақ, осы кезеңде мал шаруашылығындағы өнімділіктің түрлері бойынша артуы байқалады: барлық түрдегі ет 2,0% – ға (30,7 мың тонна); сүт - 2,9% - ға (196,6 мың тонна), жұмыртқа - 0,2% - ға                          (23,7 млн.дана) артуы байқалады.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы                  750 мың га немесе өткен жылғы деңгейдің 100,6% құрады, оның ішінде 306,4 мың га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 301 мың га майлы дақылдар, 129 мың га мал азықтық, 7,8 мың га картоп, 5,8 мың га көкөніс және бақша дақылдары.

Облыс бойынша көктемгі дала жұмыстарын орындау үшін 9,3 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

АӨК ірі инвестициялық жобаларын қаржыландыру бағдарламасы аясында (СҚО тәжірибесін тарату бойынша макронесиелеу) 2023 жылы 2,0 млрд.теңге бөлінді, олар 2 сүт-тауар фермасын несиелеуге, техника мен жабдықтар және де 650 шетелдік селекциядағы ІҚМ асыл тұқымды аналық басын сатып алуға бағытталған («Қаликанұлы» ШҚ және «Өрнек» ЖШС базаларында).

Ағымдағы жылы осы бағдарлама шеңберінде мал азықтық базасын нығайту үшін жалпы сомасы 6,0 млрд.теңгеге заманауи су үнемдеу технологияларын (жаңбырлатып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, 7 жобаны қаржыландыру жоспарлануда.

Агроөнеркәсіптік кешен саласында облыс әкімі бекіткен және АШМ келісілген 2024-2026 жылдарға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша Жол картасына сәйкес 81 168,3 млн. теңге сомасына                 29 жоба көзделген.

Ағымдағы жылы 1 850,9 млн. теңге сомасына 8 жоба іске асырылды (93,6 млн. теңге сомасына 1 генофондты жақсарту бойынша жоба, күнбағыс өңдеу және тазартылмаған күнбағыс майын шығару цехын құру бойынша жоба - 82,0 млн. теңге, материалдық-техникалық базаны жаңарту бойынша 6 жоба (машина-трактор паркін кеңейту) -                           1 675,3 млн.теңге).

2024 жылы 11 782,2 млн. теңге сомасына 10 жоба іске асырылатын болады (сүт-тауар фермаларын кеңейту бойынша 2 жоба, жаңа суармалы жерлерді енгізу бойынша 7 жоба, ауыл шаруашылығы жануарларын ұрықтандыру зертханасын реконструкциялау бойынша      1 жоба).

Ағымдағы жылы қуаттылығы жылына 600 тонна дайын өнім шығаратын «Ықылас Инвест» ЖШС ет консерві зауытын ашу жоспарлануда.

2024 жылдың 5 айында Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы
Дата публикации
03 июля 2024