2024 жылғы 1 маусымға Абай облысының бюджетін игеру бойынша Ақпарат

Абай облысының 2024 жылға арналған түзетілген жылдық бюджеті 444 011,1 млн. теңгені құрайды., оның ішінде облыстық бюджет – 314 226,6 млн. теңге, қалалар мен аудандардың бюджеті - 129 784,5 млн. теңге.

Ағымдағы жылдың 1 маусымына жоспар бойынша 140 514 млн.теңге (облыстық – 107 853,5 млн.теңге, қалалар мен аудандар - 32 660,5 млн. теңге) игеру 136 216,8 млн. теңгені немесе 96,9% (облыстық – 103 798,5 млн. теңге, немесе 96,2%, аудандар мен қалалар - 32 418,3 млн. теңге немесе 99,3%) құрады.

Бөлінген қаражаттың негізгі көлемі келесі салаларға бағытталған:

- Білім – 63 624,2 млн. теңге;

- Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы,ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары –
10 952,1 млн. теңге;

- Көлік және коммуникация – 13 091 млн. теңге;

- Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру –
10 121,3 млн. теңге;

- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 9 042,9 млн. теңге;

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 9 228,4 млн. теңге;

- Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер –
6 437,6 млн. теңге;

- Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі  – 3 629,3 млн. теңге;

- Денсаулық сақтау – 2 310,5 млн. теңге;

- Басқа салаларға – 3 652,5 млн. теңге.

 

Есепті кезеңде 4 297,3 млн теңге игерілмеген, оның ішінде: облыстық бюджет бойынша – 4 055,1 млн теңге аудандар мен қалалардың бюджеттері бойынша-
242,2 млн теңге.

Облыстық бюджет бойынша қалдықтың ең көп сомасы келесі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша құрылды (4 041,8 млн. теңге):

- Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы - 3 822,3 млн. теңге (3 821,5 млн. теңге - жоғары тұрған бюджеттен трансферттердің кеш түсуі; 0,8 млн. теңге дөңгелектеу есебінен);

- Білім басқармасы - 107,3 млн. теңге (29,1 млн. теңге – еңбек ақы қоры және степендия бойынша үнемдеу; 38,4 млн. теңге-тауарларды жеткізудің болмауы (шаруашылық  тауарлар, киім, физика, биология кабинеттері) 39,9 млн. теңге - басқа жұмыстар мен қызметтер бойынша үнемдеу (ақпарат саласындағы қызметтер, ком.қызметтер, байланыстар).

- Цифрлық технологиялар басқармасы - 69,3 млн. теңге (2,0 млн. теңге - бос орын есебінен; 67,3 млн. теңге - 414 специфика  бойынша келісімшарттың  жасалмауынан );

- Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы - 22,4 млн. теңге (12,4 млн. теңге - тауарларды жеткізудің болмауы (КММ - де лифттың орнатылмауынан); 8,1 млн.теңге - қызмет көрсету актісі бойынша толық пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы, 1,9 млн. теңге – төлем шотының қайтарылуынан( МӘМС бойынша));

- Дене шынықтыру және спорт басқармасы – 14,0 млн. теңге (13,6 млн. теңге - жеткізушілердің тауарларды жеткізбеуі;
 0,4 млн. теңге - мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу);

- ТЖ департаменті - 6,5 млн. теңге (6, 5 млн. теңге - 23.04.2024 ж. № 15-14-07/И592 хатнегізінде қайтару).

Қалған 20 бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша игерілмеген -13,3 млн. теңге.

Қалалар мен аудандардың бюджеттері бойынша қалдықтың ең көп мөлшері:

Жарма ауданы бойынша-143,8 млн. теңге

(Битумның болмауына байланысты орындалмаған жұмыс көлеміне байланысты жолдарды орташа жөндеу бойынша 140,0 млн. теңге;
0,8 млн. теңге - барлық ББӘ бойынша дөңгелектеу есебінен және мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу сомасы; 1,9 млн. теңге – еңбек ақы қоры, міндетті зейнетақы жарнасы  және б/л бойынша үнемдеу есебінен);

Бородулиха ауданы бойынша - 24,8 млн.теңге (24,6 млн. теңге - талаптарға сәйкес келмегендіктен инватакси үшін төлем жүргізілген жоқ; барлық ББӘ бойынша дөңгелектеу есебінен 0,2 млн. теңге).

Абай ауданы бойынша-21,4 млн. теңге (3,7 млн. теңге - балалар ойын алаңының сомасы орындалған жұмыстар актісі жоқ;
3,1 млн. теңге – мемл.сатып алудан үнемдеу; 13,9 млн. теңге - орындалған жұмыстар актісі жоқ; 0,7 млн. теңге – дөңгелектеу есебінен).

Семей қаласы бойынша – 15,5 млн.теңге (13 624,9 мың теңге - жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша - Омбы-Майқашағай жолдарын салу бойынша орындалған жұмыстар актілерінің болмауына байланысты; барлық ББӘ-нің нақты шығыстары бойынша 1,9 млн. теңге).

- басқа аудандар бойынша - 36,7 млн. теңге қалыптасты.

2024 жылғы 1 маусымға Абай облысының бюджетін игеру бойынша Ақпарат
Дата публикации
28 июня 2024