Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау бойынша

«Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасы негізінде, 2024 жылғы күзгі-дала жұмыстарына  ауыл шаруашылығы құрылымдарына дизель отынын жеткізу жөніндегі әлеуетті операторлардан өтінімдер қабылдауды жүргізеді.

Дизель отынын әлеуетті жеткізуші операторлардан өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 1-9 шілде аралығында Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы – 82/1,                  2-қабат, 2 - кабинет мекенжайы бойынша өтеді. Тел.: 87028583834, эл. пошта: serzhan.esenamanov@mail.ru.

Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға өтінім ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес қатаң толтырылады.

17 тармаққа сәйкес өтінімге келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім;

2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетілген баға ұсынысы;

3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;

5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар (бар болса) анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;

7) мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері базасын немесе резервуарды жалдау шартының көшірмесі;

8) мұнай өнімдерінің немесе резервуардың базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):

мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:

техникалық паспорттың көшірмесі;

цистернасы бар автомашина (бензовоз) үшін таразының болуы;

«Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін бақылау есептеу аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;

9) егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;

10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасығыштың) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;

11) мұнай базаларының орналасу схемасы;

12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма»  модулін қолдану туралы растау.

Ресурс ұстаушыдан дизель отынын сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге (өз мұқтаждары үшін ЖЖМ жеткізу жөніндегі операторлар) осы тармақтың бірінші бөліктері 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларда көзделген талаптар қолданылмайды.

Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау жөніндегі комиссияның отырысы мына мекенжай бойынша өтеді: Семей қаласы, Қайым Мұхметханов көшесі, 8-үй, мәжіліс залы.

Комиссия отырысының өткізілетін күні мен уақыты туралы әлеуетті операторларға және Комиссия мүшелеріне жеке тәртіппен қосымша хабарланатын болады.

 

 

 

 

 

Ауыл шаруашылығы
жұмыстарына мұнай өнімдерін
бөлудің өңірлік операторларын
айқындау қағидалары
1-қосымша

      Нысан

Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға өтінім

  1. _______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

       атынан __________________________________________________________

       (бірінші басшының не өкілеттігін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

       атынан дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторды айқындау жөніндегі

      рәсімдерге қатысуға жіберуді сұраймын.

  1. Өтініш беруші туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:

      атауы ___________________________________________________

      бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________

      мекенжайы: ______________________________________________________

      телефон нөмірі (факс), электрондық почта: __________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ___________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _________________________________________________________

      кім берді _____________________________________________________

      берілген күні _____________________________________________________

      мекенжайы:_______________________________________________________

      телефон нөмірі (факс), электрондық почта: __________________________

      Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталуы туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:

      орналасқан жері ________________________________________________

      хабарлама күні ________________________________________________

      Өтінімге қоса берілетін құжаттардың атауы:

   ___________________________________________________________________

   ___________________________________________________________________

   ___________________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы

   ___________________________________________________________________

     

 Өтінім берілген күн: 20__ жылғы __________________

 

 

Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау бойынша
Дата публикации
27 июня 2024