Өнеркәсіпте 725,4 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі – 101,3% құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2,2% өсіммен 112,8 млрд. теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 36,5 млрд.теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 109,6% құрады.
94,5 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа беріліп, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 104,2%.
Облыс экономикасына 98,4 млрд. теңге инвестициялар салынды, нақты көлем индексі – 75,3%.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 100,1% өсу қарқынымен 53,4 мың бірлікті құрады.
Бөлшек сауда айналымы 8,9% өсіммен 183,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 103,2%.
2024 жылдың қаңтар-мамырында облыс бюджетіне 55,7 млрд. теңге меншікті кірістер түсті.