«Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Абай облыс мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/67-VIIІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы

       Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы                              1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 17 маусымдағы № 219 ««Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің                 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгеріс туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34498 болып тіркелген), Абай облысының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Абай облыс мәслихатының                2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/67-VIIІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34498 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

         көрсетілген шешімімен бекітілген Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Абай облысы

мәслихатының төрағасы                                                                     К. Сулейменов

««Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Абай облыс мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/67-VIIІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Абай облысы мәслихатының шешім жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Дата публикации
18 июня 2024