Өнеркәсіпте 573,7 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі – 100,1% құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 82,0 млрд. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі – 102,7% құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 28,2 млрд.теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 103,7% құрады.
65,1 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа беріліп, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 108,2%.
Облыс экономикасына 74,0 млрд. теңге инвестициялар салынды, нақты көлем индексі – 80,1%.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 53,2 мың бірлікті құрады.
Бөлшек сауда айналымы 8,3% өсіммен 147,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 102,5%.
2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында облыс бюджетіне 42,9 млрд. теңге меншікті кірістер түсті.