Абай облысының 2024 жылғы І тоқсандағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Өнеркәсіпте 416,8 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі – 101,5% құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 54,8 млрд. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі – 102,3% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 21,4 млрд.теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 106,7% құрады.

60,0 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа беріліп, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 106,7%.

Облыс экономикасына 54,6 млрд. теңге инвестициялар салынды, нақты көлем индексі – 74,1%.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2023 жылға қарағанда 0,5% өсіммен 53,3 мың бірлікті құрады.

Бөлшек сауда айналымы 8,0% өсіммен 109,4 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 101,9%.

2024 жылдың І тоқсанында облыс бюджетіне 31,0 млрд. теңге меншікті кірістер түсті.

Абай облысының 2024 жылғы І тоқсандағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы
Дата публикации
13 мая 2024