Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша 2023 жыл есебі

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету
саласында қоғамды əлеуметтік-саяси жаңғыртудың əлемдік үрдістері мен
логикасына сəйкес түбегейлі өзгерістер орын алуда.
Цифрлық экономикаға əкелетін сапалы өзгерістерге сəйкес маңызды
нормативтік-құқықтық актілер қабылданды, халыққа мемлекеттік қызмет
көрсету процестері оңтайландырылды. Электрондық үкіметті, «Азаматтарға
арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру жəне мемлекеттік
қызметтердің біртіндеп электрондық форматқа көшуі Қазақстанның əлемде
дамыған елдерінің қатарына қосылу жолындағы айқындаушы қадамдарының
бірі болды. Мемлекеттік органдарды цифрландыру мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіруде жетекші рөлдердің бірін атқарады. Цифрландыру ел мен экономиканы жаңғыртудың кілті ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілермен тікелей байланысты жою жəне бизнес-процестерді автоматтандыру есебінен сыбайлас жемқорлық, бюрократия деңгейін төмендету сияқты маңызды проблеманы шешу болып табылады. Бұдан басқа, электрондық мемлекеттік қызметтердің артықшылығы оны көрсету рəсіміне қоғамдық бақылаудың жеделдігі мен мүмкіндігі болып табылады. Мемлекеттік басқаруға цифрландыруды енгізудің тағы бір мақсаты
жұмыс процестерін интеграциялау жəне оңтайландыру, деректер мен ақпаратты тиімді басқару, электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету көлемін ұлғайту болып табылады.
Еліміздегі цифрландырудың негізгі реттеушісі 2017 жылғы 12 желтоқсандағы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы болды. Бағдарламаға сəйкес, 2022 жылы электрондық форматта алынатын мемлекеттік қызметтердің үлесі қызметтердің жалпы көлемінің 80% - дан астамы мөлшерінде қол жеткізілді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтер тізілімінің жалпы санынан алғанда 90-нан астам көрсеткіш электрондық форматқа көшірілді. Мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы ғана емес, мобильді құрылғы арқылы да алуға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың тағы бір құралы 2022 жылы Президент қол қойған «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократияландыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлық болып табылады, оның негізгі қағидаттары болып нысаннан субъектінің басымдығы, əдепкі цифрландыру, басқарушылық пен жауапкершілік, үздіксіз жетілдіру, регламенттеудің оңтайлылығы айқындалған. Бұдан басқа, Жарлықтың іске асырылуы мемлекеттік аппаратта
шешімдер қабылдауды жеделдетуді, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін арттыруды, құжат айналымы мен есептілікті қысқартуды қамтамасыз ететін жүйелік жəне қолданбалы шаралар кешені көзделген. 2023 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған бірқатар жаңалықтарды əзірледі. Атап айтқанда, бас тарту көзделмеген рəсімдерге көшу, өтінішті алдын ала беру жүйесін жəне құқықтық мирасқорлық пен өкілдік институттарын, көрсетілетін қызметті алушының құқықтарын дереу қалпына келтіру жүйесін енгізу көзделген.

Дата публикации
16 апреля 2024