2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 Абай облысының АСК қаулысы

2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4

Абай облысының АСК қаулысы

   

2024 жылғы 18 және 25 ақпанға тағайындалған  ауылдық округ әкімін сайлауда ауылдық округ әкімі болуға кандидаттың жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

 

                      

  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заңының 28 бабының                           3 тармағына, 33 бабының 2-1-тармағына сәйкес Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай облысының аудандарында ауылдық округ әкім болуға кандидаттың жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері:

1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндау және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялау – 125 000 (жүз жиырма бес мың) теңге;

2) сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізу және  кандидаттардың үгіт материалдарын шығару – 69 000  (алпыс тоғыз мың) теңге;

3) көліктік шығыстар – 56 000 (елу алты мың) теңге белгіленсін.

  1. Осы қаулы Абай облысының Абай, Аягөз, Бородулиха және Үржар аудандарының аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
  2. Жоғарыда көрсетілген Абай облысы аудандарының аумақтық сайлау комиссиялары осы қаулыны ауылдық округ әкімі болуға тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
  3. Осы қаулы Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

Төраға 

Г. Жігітбаева

 

Хатшы


Ә. Ерғазин

 

2024 жылғы 18 және 25 ақпанға тағайындалған ауылдық округ әкімін сайлауда ауылдық округ әкімі болуға кандидаттың жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы
Дата публикации
22 января 2024