2024 жылғы 5 қаңтардағы № 3
Абай облысының АСК қаулысы
|
Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарларын бекіту туралы
|
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заңның 14-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Абай облысының сайлауды ұйымдастырушылар мен басқа да сайлау процесіне қатысушыларды каскадты оқыту бойынша 2024 жылға арналған жоспары 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Абай облысының 2024 жылға арналған облыстық маңызы бар қалаларда және аудандарында сайлауды ақпараттық сүйемелдеудің медиа жоспары 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Абай облысының тұрғындарын құқықтық ағарту бойынша облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылға арналған жоспары 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Абай облысының қалалары мен аудандарының аумақтық сайлау комиссияларына және уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданылсын.
- Осы қаулы Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Комиссия төрағасы Г. Жігітбаева
Комиссия хатшысы Ә. Ерғазин