Өнеркәсіптік және индустриялық-инновациялық даму

Өнеркәсіптік және индустриялық-инновациялық даму

Абай облысының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2023 жылдың 8 айында 946,4 млрд. теңгені құрады, 2022 жылдың тиісті кезеңіне өсу қарқыны 121%. НКИ-107,6%.

Тау-кен өнеркәсібінде өсу қарқыны 127% құрады. 2023 жылдың 8 айында өндіру 566,9 млрд теңгені құрады. НКИ-104,7%.

2023 жылдың 8 айында өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7% өсіммен 348,9 млрд теңге сомасына өнім өндірді. НКИ-114,1%. Өңдеу өнеркәсібі өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 36,9%  алады.

Өңірде өнеркәсіптің негізгі үлесін металл кендерін өндіру алады-55,6%.

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында сала кәсіпорындары 526,7 млрд. теңгеге өнім өндірді. НКИ-103,4%.

Металлургия саласының негізгі кәсіпорындары «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС,

«Шығыстүстімет» ЖШС, «Баст» АҚ, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС болып табылады.

«KAZ Minerals Aktogay» ЖШС-ашық үлгідегі ауқымды мыс кеніші. Оксидті кеннен катодты мыс өндірісі 2015 жылдың желтоқсанында, сульфидті кеннен алынған концентраттағы мыс 2017 жылдың ақпанында басталды. 2021 жылдың қазан айында екінші сульфидті байыту фабрикасы ашылды. 2023 жылдың бірінші тоқсанында KAZ Minerals Aktogay 61,9 мың тонна мыс өндірді.

Өнеркәсіптің жалпы көлемінде азық-түлік өндірісі 7,9% құрайды. 2023 жылғы қаңтар-тамызда 74,9 млрд.теңге сомасына өнім өндірілді, НКИ – 124,5%.

Өңір экономикасының секторларының бірі облыстың машина жасау кешені болып табылады, оның өнеркәсіп көлеміндегі үлесі 6,4%  құрайды. 2023 жылдың 8 айында салада 60,5 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді. Негізгі кәсіпорындар «СемАз» ЖШС, «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС.

Өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі үлесі бар металлургиялық өндіріс -10,6% % құрайды, 2023 жылдың 8 айында 100,7 млрд теңге сомасына өнім өндірілді, НКИ-101,3%

Химия өнеркәсібінің өнімін кәсіпорындар 2023 жылдың 8 айында өндіреді. Осы саланың кәсіпорындары 2,4 млрд. теңге сомасына өнім өндірді. НКИ-109,8%.

Ағаш өңдеу өнеркәсібінде 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында сала кәсіпорындары 12 млрд теңгеге өнім өндірді. НКИ-210%. Шпалдар, әр түрлі ағаш түрлері, ағаш ыдыстар, фанера, OSB тақталары шығарылады. Өнеркәсіп көлеміндегі саланың үлесі 1,3% құрайды.

Жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2023 жылдың 8 айында 2,8 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді. НКИ-100,2%. Өнеркәсіп көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 0,3%  құрады.

 

 Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі – ШОБ) саны 54 231 бірлікті құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 119,6% - (45 344 бірлік) құрайды.

 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында ШОБ субъектілері шығаратын өнім көлемі-139,7 млрд. теңге. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 104 452 адамды құрады.

«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде кәсіпкердің қаржылық қолдауының мынадай бағдарламалары іске асырылады:

- Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және кредиттер бойынша кепілдендіруді ұсыну;

- Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау құралы ретінде кепілдіктер беру тетігін енгізу;

- Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар беру;

- Жетіспейтін инфрақұрылымды кәсіпкерлік субъектілерінің объектілеріне жеткізу.

Ағымдағы жылдың басынан облыс бойынша аталған іс-шараларды іске асыруға 1 млрд 577 млн теңге бөлінді.  Бұл 12,5 млрд.теңге сомасына 265 жобаны субсидиялауға, 3 млрд. теңге сомасына 201 жобаға кепілдік беруге,
100 млн теңгеге жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 22 грант беруге,
77 млн теңге сомасына 2 жобаға инфрақұрылым жүргізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, «Қамқор» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы әзірленді - ЖБ-дан 300 млн.

 

Өнеркәсіптік және индустриялық-инновациялық даму
Дата публикации
10 января 2024