Абай облысында 2023 жылғы 3 – тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат

Абай облысында 2023 жылғы 3 – тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына іс-шаралары жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен 26 бақылау іс-шарасын өткізді.

Бақылау іс – шаралары объектілерінің саны – 26, оның ішінде:

Жергілікті атқарушы органдар – 20,

Ведомствоға бағынысты ұйым  – 6 .

Анықталған бұзушылықтар саны – 228, оның ішінде:

1) Құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде қызмет көрсету фактілері – 170;

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері – 5;

3) Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері -– 20;

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу фактілері - 32.

5) Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімдерін бұзу фактілері – 1.

Бақылау іс – шараларының қорытындысы бойынша салынған тәртіптік жазалардың саны – 6, оның ішінде:

ескерту – 6.

Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар саны, барлығы - 6, оның ішінде:

Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері – 6;

Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, олардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайлары жою, мемлекеттік қызметтер көрсетудің ішкі рәсімдерін жақсарту жөнінде 47 ұсыным әзірленді.

           

Дата публикации
14 ноября 2023