2023-2024 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының                2-тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының 3-тарауы       34-тармағына,  2023-2024 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырсын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссияның 2023 жылғы 31шілдедегі № 2 хаттамалық шешіміне сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2023-2024 оқу жылына жергілкті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында жарияласын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш. З. Байбековке жүктелсін.

 

 

   Абай облысының әкімі                                                       Н. Ұранхаев

 

 

 

Дата публикации
03 августа 2023