«Абай облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 89 қаулыға өзгеріс енгізу туралы

 

Абай облысының әкімдігі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Абай облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 89 (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 68-18 болып тіркелді) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

          көрсетілген қаулының қосымшасында Ақсуат ауданы үшін есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары қосымшаға сәйкес, редакцияда жазылсын.

  1. «Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) әкімдіктің осы қаулысын аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) әкімдіктің осы қаулысын Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Әкімдіктің осы қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Әкімдіктің осы қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

 

 

          Абай облысының әкімі                                                             Н. Ұранхаев

Дата публикации
01 августа 2023