Абай облысында 2023 жылғы 1 - тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат
Абай облысында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен 24 бақылау іс-шарасын өткізді.
Бақылау іс – шаралары объектілерінің саны-24, оның ішінде:
Жергілікті атқарушы органдар – 15,
Ведомствоға бағынысты ұйым – 9.
Анықталған бұзушылықтар саны – 178, оның ішінде:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактілері-3;
2)Құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде қызмет көрсету фактілері-32;
3) Аартық құжаттарды талап ету фактілері-3;
4) Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері-5;
5)Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері - 120;
6) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу фактілері – 15.
Бақылау іс – шараларының қорытындысы бойынша салынған тәртіптік жазалардың саны – 7, оның ішінде:
сөгіс - 2;
ескерту - 5.
Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар саны, барлығы – 7, оның ішінде:
жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері – 3;
ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері – 4.
Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, олардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік қызметтер көрсетудің ішкі рәсімдерін жақсарту жөнінде 49 ұсыным әзірленді