жоба
2023 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың
1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 20209 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 63-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 2023 жылға тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) және субсидиялар нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес;
2) 2023 жылға арналған тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемі – 653 000 000 (алты жүз елу үш миллион) теңге бекітілсін.
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Абай облысының әкімі Н. Ұранхаев