ҚАУЛЫ Абай облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

 

 ҚАУЛЫ

 

 

 

Семей қ.

    № 14

2022 жыл 29 желтоқсан

 

 

Абай облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

       «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және Абай облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 «Абай облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Абай облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 13 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
  2. № 12, № 13 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктерін тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады деп айқындалсын.
  3. Абай облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Абай облыстық мәслихатына жіберілсін.
  4. Осы қаулы Абай облысы әкімінің (мәслихатының) интернет-ресурсында және «Семей таңы» мен «Вести Семей» газеттерінде орналастырылсын.
  5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыстық сайлау                                                                       

комиссиясының төрағасы                                    Н. Фесенко

 

Облыстық сайлау                                                                                 

комиссиясының хатшысы                                         Г. Оразбекова

Дата публикации
29 декабря 2022