Абай облысының орта білім беру ұйымдары жанындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттары, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие және оқыту топтары үшін тегін тамақтануды қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 54-бабы  1-тармағының 3) тармақшысына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің  мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысының 5-тармағына сәйкес Абай облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Білім басқармасы Абай облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдары жанындағы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту топтары тәрбиеленушілерінің келесі санаттарына:

      1)  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      2) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;

      3) көп балалы отбасылардың балаларына;

      4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан,  сондай-ақ  мемлекеттік атаулы әлеуметтік  көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс  деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға тегін тамақтандыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы  қаулының   орындалуын   бақылау  облыс  әкімінің    орынбасары Ш. Байбековке жүктелсін.

Абай облысының әкімі                          Н. Уранхаев

Абай облысының орта білім беру ұйымдары жанындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттары, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие және оқыту топтары үшін тегін тамақтануды қамтамасыз ету туралы
Дата публикации
25 ноября 2022